Танымал әнші Sia бүркітші қазақ қызы туралы фильмге ән жазды

02 Желтоқсан 2016, 18:51
0
Танымал әнші Sia бүркітші қазақ қызы туралы фильмге ән жазды -

Атақты автралиялық әнші Sia Моңғолиядағы қазақтың бүркітші қызы туралы документалды фильміне саундтрек ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айшолпан Нұрғайып туралы фильмді ресжиссер Отто Белл түсірген. Мұның алдында Sundance кинофестивалінде The Eagle Huntres ("Бүркітші") картинасы көрсетіліп, ол туралы жақсы пікірлер айтылған. Картина құсбегілік өнерді меңгеріп, бабалар дәстүрінің жойылып кетпеуіне күш салып жүрген қыз туралы. Айшолпанның әкесі Моңғолияда атқаты бүркітші екені мәлім. Оның жеті атасы да осы кәсіппен айналысқан. Оның отбасында төрт бала бар, дегенмен, құлшыныс танытқан Айшолпан ғана. Бұл өнермен тек ер адамдар айналысып, қыз баласының игеруі кемде кем екенін айта кету керек. Картинаның премьерасына Айшолпан да қатысқан. Ол АҚШ-қа отбасы мүшелерімен бірге Моңғолиядан арнайы келген.

Мұның алдында Sony кинокомпаниясы осы фильмге Солтүстік америкалық құқыққа ие болған. Сонымен бірге, компания бұл картинаны Латын Америкасы, Жаңа Зеландия, Германия, Австралия мен Азияда тарата алады. Дегенмен, 20th Century Fox Animation компаниясы ерекше қыз ремейк түсіруге лайықты деп тапқанға ұқсайды.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай