Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Театр көктемі-2014" фестивалі мәресіне жетті

27 Наурыз 2014, 11:48
0
"Театр көктемі-2014" фестивалінің жабылу салтанаты.©kaztrk.kz
"Театр көктемі-2014" фестивалінің жабылу салтанаты.©kaztrk.kz

Бүгін  халықаралық театр күні. Сонау 1961 жылдан бастап атап өтілетін театр күні тек театр қызметкерлерінің ғана емес, барша өнерсүйер қауымға ортақ мереке. Осы орайда "Театр көктемі" фестивалінің жеңімпаздары марапатталды деп хабарлайды Tengrinews.kz

Жыл сайын Наурыз мерекесі мен Халықаралық театр күні қарсаңында өткізілетін "Театр көктемі-2014" фестивалінде 4 спектакль жарысқа түсіп, үздіктер анықталды. Биылғы фестиваль театр сахнасының анасы атанған Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналды.  "Театр көктемі-2014" фестивалінде әділ қазылар шешімімен үздік қойылым аталымын А.Чеховтың Рубен Андриасян сахналаған "Апалы-сіңлілі үшеу" спектаклі жеңіп алды, үздік режиссура жүлдесі "Таңсұлу"спектакілінің режиссері Алма Кәкішеваға бұйырды. Үздік стенография жүлдесі де осы қойылымның суретшісі Қабыл Халықовқа берілді.

Үздік әйел бейнесі жүлдесімен «Апалы-сіңлілі үшеу» қойылымындағы Ольга рөлі үшін Данагүл Темірсұлтанова, үздің дебют жүлдесін Таңсұлу образы үшін Салтанат Бақаева иеленді. "Қас-қағым" қойылымындағы Сәбит бейнесі үшін актер Азамат Сатыбалдыға үздік ер адам бейнесі жүлдесі берілді. Екінші кезектегі әйел адам бейнесі үшін "Таңсұлу" қойылымындағы бәйбіше образы үшін Гүлшат Тұтова, екінші кезектегі ер адам бейнесі жүлдесін "Бейбарыс" спектакліндегі Қалауын рөлі үшін Еркебұлан Дайыров марапатталды.

Шығармашылық өзіндік жұмыстар аталымы бойынша үздік би жүлдесімен Гүзел Мұхаметжанова, Ләйлә Тілеуова, Мадина Келгенбай марапатталса, үздік ән жүлдесі Гүлнұр Шыңғысова және Алмас Шаяхметовке бұйырды. Театр өнеріне ақпараттық қоллдау көрсетіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары да жүлдеден құралақан қалған жоқ.
Халықаралық театр күні мерекесіне орай бүгін М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрда  "ЕҢЛІКГҮЛ-2014" Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Марапаттау салтанаты туралы, жеңімпаздар жөніндегі ақпаратты алдағы уақытта "Алаш айнасынан" толық оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай