"Телефоныңызға сурет түсірмеңіз!" - Хакерлер Ләйлә Сұлтанқызының аккаунтына шабуыл жасады

21 Тамыз, 16:43
0
"Телефоныңызға сурет түсірмеңіз!" - Хакерлер Ләйлә Сұлтанқызының аккаунтына шабуыл жасады - © instagram.com/sultankyzy
© instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызының әлеуметтік желідегі парақшаларына шабуыл жасалған. Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Tengrinews.kz тілшісі тележүргізушімен байланысып, оқиғаның мән-жайын сұрастырды.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, хакерлер тележүргізушінің бұрынғы, ұмыт қалған электронды поштасын бұзып кірген. Ол тележүргізушінің негізгі электронды поштасына қосымша адрес ретінде тіркелген. Негізгі поштаға барлық әлеуметтік желілер, оның ішінде Facebook, Instagram және "ВКонтактедегі" парақшалар тіркелген. Бірақ мұның бәрін Ләйлә Сұлтанқызы "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" мамандарының өкілдеріне жүгінгеннен кейін бірақ білген. 

"Биыл сәуірде менің бұрынғы поштам көп пайдаланбағандықтан, өшіп кеткен. Тиісінше ол пошталық адреспен қайта тіркелуге мүмкіндік болған. Хакерлер сол сәтті пайдаланып, менің бұрынғы поштамның адресімен жаңа пошта ашып алған. Ал ол адрес менің жаңа поштама қосымша пошта ретінде тіркелген. Сонымен барлық парақшаға резерв пошта ретінде қалғандықтан, автоматты түрде менің парақшаларыма еркін кіруге мүмкіндіктері болған", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Осы мәселеге қатысты жазбаларының бірінде хакерлердің парақшаларға толық қол жеткізуіне 30 пайыз қалған кезде ғана "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" мамандарына жүгінгенін айтқан. Мамандарға поштаны қайтарып алу үшін бірнеше ай қажет болған. Ақпарат 11 тамызда ғана қайта қалпына келтірілген. 

"Автоматты түрде менің барлық парақшамды бұғаттап алған. Мені барлық байланыстан ажырату үшін ұялы телефонымдағы "Телефон жоғалттым" функциясын қосып қойған. Нәтижесінде менің телефонымдағы барлық ақпарат жойылып, мәліметтер өшіп кеткен", - дейді тележүргізуші. 

Тележүргізушінің сөзінше, алаяқтар оның Youtube-тегі арнасындағы бастапқы беттегі суретін ауыстырып, Тelegram арқылы хакермен байланысу жолын қалдырған. Біраз уақыттан кейін Ләйлә Сұлтанқызы "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының" мамандарына жүгінген. 

"Орталық мамандары менің мәселемді тез әрі жылдам шешіп берді. Mail.ru, Facebook, VK және Google әкімшілігімен байланысты. Оның бәрі оңай жұмыс емес қой. Нәтижесінде менің барлық парақшам өзіме қайтарылды", - дейді ол.

Қазір тележүргізушінің Facebook желісіндегі парақшасы әлі қайтарылмаған. Орталық мамандары бұл мәселе бойынша әлі жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Тележүргізушінің айтуынша, мұндай шабуылдар өнер адамдарының парақшасына жиі жасалып тұратын көрінеді. Әдетте хакерлер парақшаны қайтару үшін ақша талап етеді екен. 

"Көптеген әртіс өзіне хакерлік шабуыл жасалған кезде ондай мәселені үндемей шешуге тырысады. Қанша ақша сұраса соны бере салады. Бұған дейін Қарақат, Еркенің де парақшасын бұзып алды ғой. Жан Мұқановтың парақшасын мүлдем қайтармаған. Сондықтан мұндай жағдайда бірден мамандарға жүгіну керек", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

2,5 миллионға жуық оқырманы бар тележүргізушінің айтуынша, соңғы кездері әлеуметтік желілердің рөлі қоғам өміріндегі ықпалы өте жоғары.

"Біз қазір телефонға кез келген нәрсе салып жібереміз. Бірақ еш уақытта ойламаймыз, оған қара ниетті адамдардың қол жеткізуі мүмкін екенін ойламаймыз. Қаншама әртістің жазбаларының астында неше түрлі сөздер жазылады. Жақында ғана Мадина Сәдуақасованың өзі мұндай пікірлерден шаршағанын айтты. Елбасының өзі бүгінгі сөзінде дәлелсіз, негізсіз сөздерді қараусыз қалдырмау керек деп айтты ", - дейді тележүргізуші. 

Тележүргізушінің сөзінше, оның қорыққан басты мәселесі - бүкіл суреті мен хат-хабарларды қолды қылған хакерлердің бопсалауға мүмкіндіктерінің болуы.

"Онсыз да қазіргі қоғам біреуді жамандай салса халықтың сол адамға деген пікірі өзгеріп кетуі мүмкін ғой", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Ляйлә Сұлтанқызы кез келген адам жеке ақпараттарын сақтауда өте сақ болуы керек екенін атап өтті. Қазір ол ішкі істер органдарына шағым түсірмекші.

"Менің Facebook желісіндегі парақшамды қайтарғаннан кейін "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығымен" бірге осы мәселе бойынша жұмыс істейміз. Себебі халық тарапынан мұндай мәселеге байланысты шағымдар өте аз түседі екен. Мұндай шабуылдар болса бірден хабарлауы керек, қорқудың қажеті жоқ. Ешкімге ақша бермеу керек", - дейді тележүргізуші. 

"Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының" директоры Арман Абдрасиловтың сөзінше, кез келген парақшадағы құпиясөздерді аса мұқият сақтау қажет.

"Қазір ақпараттық қауіпсіздігі жалғыз IT саласында ғана емес, сонымен қатар бизнесте де проблемаға айналған. Кез келген ұйым ғаламторға қосылған. Ақпараттық қауіпсіздік аудиті кез келген компанияның жалпы стратегиясының маңызды элементі болып табылғандықтан қарапайым халық болсын, өнер адамы болсын құпиясөздерді мұқият сақтау қажет", - дейді орталық директоры.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқының Instagram желісінде 2,5 миллионға жуық оқырманы бар. Ол Instagram парақшасында әлеуметтік маңызы зор мәселелерді көтеріп отырады.

Получить короткую ссылку

Автор :

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай