Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Хосни Мубаракты іздеген қыз немесе жастар неге оқымайды?

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Хосни Мубаракты іздеген қыз немесе жастар неге оқымайды? ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 ...Абитуриент кез. Біздің ауылдан шыққан атақты сыншы Сағат Әшімбаевтың үйіндеміз. Жас та болса ел аузында жүрген аса білімді ағамыз бізді жақсы қабылдады. Әкемнің айтуынша бұл кісі бізге туған бөле. Яғни мені жеті жасқа дейін жетектеп өсірген Гүлжәмила әжем Сағат ағаның анасымен апалы-сіңілі.

— Қазақ тілі мен әдебиетін қандай бағаларға бітірдің? — болды ағаның алғашқы сауалы.
— Тек қана бес, — деймін мен мақтанышпен.
— Өте жақсы екен, — дейді Сағат ағамыз үлкен көзілдірігінің үстінен қарап, — Алматыда «Жұлдыз», «Жалын» деген газеттер шығады. Оқып тұратын шығарсың?..
— Оқып тұрамын. Бірақ, олар газет емес, журналдар ғой... — деймін ағама таң қала қарап.
Сағат ағам кеңкілдеп ұзақ күлді.
— Жарайды дайындала бер. Біліміңді байқап көріп жатқаным ғой.
Атақты ағамның алғашқы сынағынан аман-есен өткеніме қатты қуанып едім сол кезде...
...Қазір алдыма жұмыс іздегендер көп келеді. Көпшілігі журналистиканың маңайында жүргендер. Қолдан келгенше көмектесуге тырысасың. Әрине, таудай талабы, білімі, аздаған таланты болса. Сағат ағамдай қарапайым сауалдарды қойып қаламыз. Сол қарапайым сауалдардан сүрініп жатқандарды көріп көңіл түсіп кетеді. Қазіргі кейбір жас мамандардың интелектуалдық деңгейінің төмен екендігі енді құпия емес қой... Сосын, оларға "өзім білем" дейтін бір жаман қасиеттің желімдей жабысып алғаны да шындық. Сондайлардың бірі біздегі танымдық бағдарламаға қонақ жөніндегі редактор болып жұмысқа тұрған ғой. Сол кезде дайындалып жатқан бағдарламаның тақырыбы "Мысыр пирамидалары" екен. Өзі мұрнынан тіреліп, үлгере алмай жатқан сценаршыдан әлгі қыз "ағай, қонаққа кімді шақырамын?" деп тақылдап сұрап коймапты. "Хосни Мубаракты шақыр!" деген ғой сценаршы. Сол кезде қал үстінде жатқан Мысыр президентінің оның аузына қайдан түскенiн... Қыз жүгіріп кетіп, қайта оралыпты. "Мубарактын телефонын таппадым. Сізде жоқ па?" — деп... Сасатын сценаршы жоқ. Қызға режиссер досының телефонын номерін ұстатып жіберген. Бір сағаттан кейін қыз келіп тұр дейді. "Мубарак келе алмаймын!" деді. Салқын тиіп ауруханада жатыр екен..." 
...Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.  Ұстазынан Шәкәрімнің телефонын сұраған студентті де естіп жатырмыз. Күліп айтамыз. Бірақ, көңілде өксік тұрады. Көпке топырақ шашпай-ақ қоялық. Дегенмен, білімсіз жастар көбейіп барады. Және өздері оны кемшілік деп санамайды. Бір кездері біздер әлемдегі ең көп оқитын елдердің қатарында болдық. Ендігіміз мынау. Кімге кінә тағарсың... Кітап пен газеттің қадірін кетіріп, архаизмге айналдырып жатқан мына заманға ма? Әлде, Шәкәрімнің кім екенін білмейтін әлгі қыздың ата-анасына ма? Ұстазына ма? Кілең бір жауабы жоқ сауалдар... Осындайда, Сағат ағамдар анау биікте бастарын шайқап, ренжіп тұрғандай көрінеді маған... 
 



Join Telegram