Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

Мамытбеков 1 пайыздық өсімді қайдан алды?

21 Ақпан 2014, 14:46
0

 Теңге құлдырамай тұрып қазақтың ауылшаруашылық министрі Мамытбеков мырза үлкен мінбеде тұрып қазақ ауылшаруашылығының жаңа белесін бағындырғанымызды мәлімдеді. 2013 жылы Қазақстанда ет өндіріс 1 пайызға өсіпті! Өзім қатты қуандым, бірақ Мамытбеков мырзаның жүзінде күлкі жоқ. Бәлкім алынған қамалды азсынды ма екен? Маған ағамыз іштей "неге 2 пайыз емес?" деп тұрғандай көрінді. Жазғыштар өсімді 2 пайыз дей салса да болар еді, оны бәрібір ешкім тексеріп жатқан жоқ. 

 
Иә, шынында да, осы ауылшаруашылығы министрінің көрсеткен көрсеткішін кім тексеріп жатыр және аталған 1 пайыз қай санаққа, қандай дерекке негізделіп айтылып отыр? Мамытбеков Қазақстанда ет өндірісінің  "бір пайызға" өскенін қалай байқапты?! Мен үшін бұл өте қызық. Себебі ауылдағы ет сатумен айналысатын ағайындарымнан "сіз сатқан, қалаға апарған етіңіз, соғымыңыз, нақты мал басыңыз өкімет тарапынан шынайы санаққа алынады ма?" деп сұрағанымда ешқайсысы басын иземеді. Әрине, қала базарына сойылған мал шығарарда ауыл әкімшілігі мөр басып, анықтама береді, бірақ нақты "учет" жоқ және соңғы 20 жылда болған емес. Дәл сол секілді Қазақстанда пәленше сиыр, түгенше қой, түйе және жылқы бар деген санақ жай әншейін болжам ғана! Яғни, шынайы Қазақстанда қанша малдың бар екендігі, нешесі сойылып, нешесі ұрланып, нешесі жұттан қырылғандығы жайлы нақты ақпар жоқ және болуы мүмкін емес!   
 
Сонда Мамытбековтың "бірі" қайдан шығып отыр? Ол меніңше Қазақстан сырттан кіргізген етпен саналып отыр. Ол Қазақстан пәленбай миллионға сырттан сатып алып жатқан асыл тұқымды мал  басының өсуімен саналып отыр (бұлардың шынайы мал арасындағы үлес салмағы 5 пайызға да жетпейді). Айталық соңғы ақпар бойынша 2013 жылы Қазақстанға 15 300 тонна сиыр еті кіргізілген!  Осы 2014 жылы 15 400 тонна сиыр еті кіргізіледі деп болжануда. Бұл еттердің көп бөлігі шұжық (колбаса) өндірісі және ірі-ірі мемлекеттік мекемелерге (мәселен әскер) сатылатыны анық. Осы үш нәрсенің төңірегінде меніңше министрлік іштей тон пішіп, "1 пайыз" деген көрсеткішті елге, үкіметке, Елбасына ұсынып отыр.
 
Ауылшаруышылығы министрі "бір" емес "бес" десе де қазаққа ештеңе өзгермейтіні анық, бізді толғандыратын басқа мәселе. 
2013 жылдың күзінде Қазақстан базарларын Белорусьтен келген ет жайлап кетті, анығында бұл ет Белорусьтікі емес, бұл белорустар Америкадан (Парагвай, Уругвай, Бразилия, Гондурас, АҚШ) тасып отырған ет. Бұл пластмас саситын еттің құны бір келіге 500 теңгеден басталады. Солтүстік, Оңтүстік Қазақстанды жайлап алған осы Гондурас (шартты түрде) еті күзде базар бағасын түсіріп жібергені белгілі. Есесіне тек қана мал мен отырған қазақ ауылдары алғашқы девальвацияға ұшырады. Қашан, қай жерде, қандай тәсілмен сойылып, не жеп, не су ішкен мал екендігін білмейтін біздің жұрт қазір сол Гондурастың етіне қарық болып отыр. Ірі-ірі сауда дүкендерінде, толығымен сол ет екендігі қазір ешкімге жасырын емес. 
 
Енді міне сол етке әбден үйренгендігіміздің белгісі, келесі жылы қазаққа сырттан келетін еттің көлемі тағы артады екен! Салдарынан қазақ ауылдарының жағдайы дәл екі есеге төмендейді! Ол Гондурастың еті қазір 500 теңге тұрады, ертең біздің ауылшаруашылығымызды толық тұншықтырып өлтірген соң, ол бірден 3000 теңгеге қымбаттары ақиқат, көрде тұр! 
 
Сол себепті ағайын, тек қана ауылдан келген ет жеңіз! Тек қана ауыл етін сатып алыңыз! Бағасын қымбатсынбаңыз! Егер базарда, тағы бір жерде Белорусьтен келді деген етті көрсеңіз тұра қашыңыз! Себебі, бұл қазақ ауылының болашағын жалмағалы отырған – тажал! Алла Тағалам қазақты сақтасын!
 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай