Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Қазақ өнері кәріз жүйесіне айналып болды ма?

02 Қазан 2014, 11:56
0

 Жазбайын десем жай таптырар емес. Күз келгенде аңсақ адам үйде отырушы ма еді. Бір апта бұрын «қос ауызды» көтеріп, бірнеше жігіт Іленің жағасына барып үйрек аттық. Аттық деген аты ғана. Мардымды ештеңе болған жоқ, еңбек қайтпады. Айтайын дегенім де ол емес.

Алматыдан 400 шақырым жер, құлазыған медиен дала. Шөпшілер-ау деймін, қостың басында үш адам шай ішіп, жайбарақат жатыр екен. Көк кабиналы трактордың екі есігі айқара ашық. «Мария Магдалина охо-хо, Талайдың арманы едің ехе-хе» деп ұ-ры-п жатыр. Ойпырмай, мидай далада да мына тексіз әуеннен құтыла алмайтын болдық. Енді қайда барамыз?

Не болып, кімге айналып бара жатырмыз осы? Қызы, бозбаласы, қатыны, еркегі, қызметкері, қатардағысы, ақылдысы, шала сауаттысы, шал-шауқаны мен кемпір-сәмпірі қосылып ауылда да, қалада да бәрі тегіс жын қаққандай осы әулекі әуенге селкілдейтін болыпты. «Шип-шип-шип» деп тауыққа бидай шашқандай шиқылдайды, қара терге түсіп жер тепсініп қиқулайды келіп. Осы әуенмен Құдай дескен құдасын күтеді, баласының тұсауын кеседі, туған күн тойлайды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай