Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Балаңыз қисса жаттаса ағылшын тілін тез үйренеді

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Балаңыз қисса жаттаса ағылшын тілін тез үйренеді ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Осыдан бір жыл бұрын маған туған жеңгелерім балаларын ертіп әкеп:

– Әй, қайным, мына інілеріңді жазда шет тіліне оқытып бер, – деді. Мен: – Жақсы. Бірақ бір шартым бар. Бір жыл уақыт берем. Балаларыңа қисса оқытып, тақпақ пен жырлардан үзінді жаттатып әкелесіңдер. Өйтпесеңдер, оқытпаймын, – дедім. Олар келісті. Әрине, олар бірімен бірі жарыса жаттатып, балаларын бақылап отырды. Осы жерде бәсекелестік зор пайда берді. Бір-бірінен озу үшін жан алысып, жан беріседі. Ондай кезде шешелері балаларын мықтап тұрып қолға алады. Сонымен арада бір жыл уақыт өтті. Уәде бойынша балалар тағы келді. Сабақты бастап кеп жібердім. Олар шынымен де мен айтқан заттарды оқып кепті. Ой, рахат болды-ау! Мен бір-ақ рет айтам. Олар әрі қарай өздері жұлқа тартып кетеді. Шет тілінің сөздерін жаттағанда қазақ тілінің сөздерін жаттап отырғандай сіңіре береді. Дастархан басында қисса айтқызып жарыстырдым. Сабақ қызған кезде ангинам ісіп кетіп, мен ауырып жатып қалдым. Бірақ менің ауруым сабақтың сапасына анау айтқандай кері әсер еткен жоқ. Олардың арыны басылмады. Мен ауырып жатып-ақ үйрете бердім. Олар қағып алып, өздері-ақ дөңгелете берді. Осылайша екі аптада мыңнан аса сөз жаттап, тілдерін сындырып қайтты. Құда да риза, құдағи да риза болдық.

Бұл әңгіме әрі қарай туыстар арасында тағы да таралады. Енді олар да қолқа салып келеді. Кезінде олардың талай жақсылықтары өткен. Көңіліне қарадық. Оның үстіне кітап шыққанша екі апта уақыт бар екен. «Адамның бір қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім» деп тағы да бастап кеттік. Бірақ оларға «қисса оқытып әкеліңдер» деп шарт қойып үлгермедік. Бірден бастауға тура келді. Бұл жолы азаптың атасы болды. Олар – он, мен – жалғыз. Олардың геройлары Барби, Золушка, Бетман, Бен Тен, Спандж Боб, Тачки, Рапунцель, Шрек, Фэйртел, Гарри Поттер, кәріс киносының «красавчиктері», «красавица и чудовище»... осылай жалғасып кете береді. Балалардың бәрі де талантты, бірақ бөтен тілдің сөздерін жаттау бұлар үшін азап болды. Олардың миларын мына геройлар шырмап алған. Қолдары қалт ете қалса, геройларын жарыстырып мен ұқпайтын әңгімені гу еткізуге дайын отырады. Мен олардың қаптаған геройларына қарсы 15 жыл бойына тірнектеп жиған рухани геройларымды қарсы қойдым. Осылайша олар мен менің арамда мәдени соғыс басталды. Менің басты «қаруым» – пайғамбарлар қиссасы. Дастархан басында қызық әңгіме айтып, олардың армандарын оятып отырмасаң, өз қызықтарына тез түсіп кетеді. Осы арада бір фактіні айта кетейін. Он баланың ішінде бір балақай тіпті де шабан болып шықты. Азаннан кешке дейін «cup» деген жалғыз сөзді миллион рет қайталағанда аудармасын жаттай алмай қор болды. Былай қарасаң, өте ширақ бала. Құйма құлақ. Қазақша айтқаныңды қағып алады. Айтқанды екі етпейді. Өте елгезек. «Неге бұлай?» деген сұрақпен түпкі себебін іздеу басталды. Ақыры анық болды. Бұл бала мешітке үзбей барып, имамның пейіштегі нығметтер туралы уағызына «тойып» алыпты. 12 жастан аспай жатып ана дүниеге дайындалып жүр екен. Есіл дерті қабір азабынан құтылып, тезірек пейішке ену сияқты бірдеңе. Мына дүниеде не болып, не қойып жатқаны оны аз қызықтыратын сияқты... Оны басқалары «молда» деп атап кетті.

Стратегияны былай құрдым: олардың миларын құрсаулап, армандарын матап тұрған жалған геройларды бастарынан «айдап» шығу керек. Сосын босаған орындарға асқақ армандар салу керек. Мен бірінші рет аңыздар мен қиссаларды айтып бастағанда жаны жоқ дуалға сөйлеп отырғандай болдым. Олар Спандж Боб туралы қашан айтады деп күтіп отырған сияқты көрінді маған. Бірақ мен де ақырындап, қиссаларды барынша аз-аздан сыздықтап миларына құя бастадым.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.




Join Telegram