21 тамыз 2014 10:48

Америкалық журналистің басын кескен адам ұлыбританиялыққа ұқсайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Америкалық журналист Джеймс Фолиді өлтірген "Ислам мемлекеті" жасағының жендеті Ұлыбританияның азаматы болуы әбден мүмкін, - деп хабарлады РИА Новости. Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді.


Америкалық журналист Джеймс Фолиді өлтірген "Ислам мемлекеті" жасағының жендеті Ұлыбританияның азаматы болуы әбден мүмкін, - деп хабарлады РИА Новости. Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді.

Сарбаздың кім екені анықталған жоқ. Алайда оның ағылшынша сөйлеген сөзінде британ акценті анық байқалады. "Біз бейнежазбадағы адамның кім екенін анықтай алмайдық. Бірақ бізге түсіп жатқан мәліметтер оның Ұлыбритания азаматы екенін барған сайын дәлелдей түсуде. Бұл - жантүршігерлік ақпарат", - деді Кэмерон. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік қызметі бейнежазбаның түпнұсқалығын растады. 

Айта кеткен жөн, күні кеше "Ислам мемлекеті" сарбазының америкалық журналист Джеймс Фолиді өлім жазасына кескені туралы бейнежазба Интернет арқылы тараған болатын. 39 жастағы репортер 2012 жылы Сирияда жоғалып кеткен еді. Өз сөзінде ол АҚШ армиясында жүрген бауыры - Джонға үндеу жолдап, Обаманың бейбіт халықты қырып жатқанын жеткізді. "Мен өзімнің америкалық болғаныма өкінемін", - деді ол. Ата-анасы Джеймсті таныды. Олар да өз ұлын Сирияның бейбіт халқы сияқты жазықсыз қаза болды деп санайды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети