21 желтоқсан 2014 18:39

Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана жабылу алдында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жанна Нұрланова ©Жанна Нұрланова

Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана таяу маңда жабылып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл Жабаев - қазақтың ұлы ақыны.


Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана таяу маңда жабылып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл Жабаев - қазақтың ұлы ақыны.

Кітапхана директоры Татьяна Маркевичтің айтуынша, қазақ авторларының кітаптарының аздығы мен компьютердің жоқтығынан оқырман саны айтарлықтай азайып кеткен. Осылайша қазақтың ұлы ақынының 2015 жылы өтетін 155 жылдығында кітапхана жабылып қалуы мүмкін. 

"Кітапхана 1963 жылы қарашада ашылған. 20 жыл бұрын, Украина тәуелсіз болғанда ақынның өлеңдерін ұнататын киевтіктер кітапхана атын қалдыруға ұсыныс жасады", - деді директор. Маркевичтің айтуынша, қазіргі уақытта кітапханаға қолдау керек. "2015 жылға бюджеттен мәдениет саласына одан да аз ақша бөлінетінін білеміз, ал мемлекеттің кітапханаларға көрсететін қолдауына, қазіргі дағдарысты есепке алғанда, дәмеленбей-ақ қою керек. Сондықтан кәсіпкерлер мен меценаттардың кітапханада оқырман тартуға сеп болатын компьютер орталығын ашуға көмегіне үміт артып отырмыз", - деді директор. 

Оның айтуынша, осы заманғы компьютер орталығы украиндарға Қазақстан туралы, қазір басылып шығып жатқан қазақ әдебиеті жайлы мәлімет береді. Мұнымен қатар, Жамбыл Жабаев атындағы кітапхананың электронды каталогы жасалып, оқырмандарды көптеп тартуға болады. Себебі Украинада кітапханаларға Интернетке тегін кіруге мүмкіндік беріледі. "Мұнымен қатар, қазақстандық кітапханалармен әріптес болсақ деп едік", - дейді Маркевич. - "Қазақстанның Украинадағы елшілігі 2010 жылы кітаптар мен аудиоматериалдарды ұсынды, бірақ техниканың жоқтығынан, оларды Қазақстанға арналған кездесулерде оқушыларға көрсете алмаймыз".

Директордың мәліметінше, кітапхананың 4 мың оқырманы бар, ал кітапханадағы 34 мың кітаптың 100 данасы ғана - қазақ авторларының еңбегі (Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов және Оралхан Бөкей). "2015 жылы Жамбыл Жабаевтың туғанына 155 жыл болады. Бірақ бұл уақытқа дейін кітапхана жабылып қалуы мүмкін", - деді Маркевич.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети