Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельмен кездеседі

07 Қаңтар 2015, 20:34
0
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель. ©dw.de
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель. ©dw.de

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтар күні Берлинде Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркельмен кездеседі, бұл туралы ГФР үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Зайберттің айтуынша, кездесу Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге және қаңтар айының ортасында Астанада "норманд форматында" (Германия, Франция, Украина және Ресей) келіссөздер жүргізу мүмкіндігін талқылауға арналады. "Мұндай кездесу бола ма, қашан болады, мен оны әзірше айта алмаймын. Маңыздысы - мұндай кездесулерде нақты нәтижелерге қол жеткізу", - деді Зайберт. 

Ақпарат құралдарының мәліметінше, 9 қаңтар күні Ресей, Украина, Франция және Германия сыртқы істер министрлері телефон арқылы мәслихат жүргізген. Алдағы аптаның басында сыртқы істер министрлері тағы да бас қосып, Астанада келіссөздер жүргізуге дайындық мәселесін талқылайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Украина жөніндегі биік деңгейдегі кездесу 15 қаңтар күні Астанада "норманд форматында" өтеді деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай