Көшербаев Нұрахмет

  • Көшербаев Нұрахмет

Отан үшін өлімге бас тіккен жауынгер атамыздың бірі - Көшербаев Нұрахмет.
Ол 1898 жылы Панфилов ауданы Кіші Шыған ауылында дүниеге келген.

1941 жылы елі мен жері, Отаны үшін Ұлы Отан соғысына аттанды. 1942 жылы 313- атқыштар полкінің құрамында болып, Курск майданындағы қанды шай- қасқа қатысты. 1943 жылы қаңтар айының 13-де майданнан "Соғыста қаза болды, Курск қаласындағы "Тербуха" селосында жерленді" деген хабар келеді. Алайда, жарық дүниені көретін күні бар екен, қаза болған жауынгерлерді жерлеп жатқанда, кеудесінде демі бар жауынгер Нұрахмет Көшербаев село маңайындағы госпитальге жеткізіледі. Емделіп шыққан жауынгер содан кейін де талай шайқастарға қатысты. Берлинге дейін азаматтық борышын атқарып, 1945 жылдың күзінде аман-сау еліне оралды.

Нравится