Искаков Жамалия

  • Искаков Жамалия

Соғыс жылдары 1945 жылы 94-ші атқыштар, 326-ші атқыштар әскерінде жаумен ерлікпен шайқасты. Қатардағы атқыштан бөлім басқарушының орынбасары болды. Кейіннен сержант шенін алған.

Искаков Жамалия "Ерлігі үшін" медалімен және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен марапатталды. 1957 жылы "За освоение целинных земель", 1965 жылы "Жеңістің 20 жылдығы", 1967 жылы "50 лет Вооруженных сил СССР", 1978 жылы "60 лет Вооруженных сил СССР", 1985 жылы "Жеңістің 40 жылдығы", 1988 жылы "70 лет Вооруженных сил СССР" және басқа мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Соғыс жылдары сол аяғы мен оң қолын ауыр жарақаттап алған. 1942 жылы бетін жеңіл және оң қолын жарақаттап алған. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, 1945 жылдың 25 тамызында елге оралды. Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі, қайсарлығы, жігерлілігімен ерген ұрпаққа үлгі бола білді. Осындай атамыздың арқасында келешек ұрпақ бақытты өмір сүруде. Атамызға мың алғыс!

Нравится