Нұрғалиев Молдағали

  • Фото ветерана: Нұрғалиев Молдағали
    Нұрғалиев Молдағали
  • Фото ветерана: Нұрғалиев Молдағали
    Фото ветерана: Нұрғалиев МолдағалиФото ветерана: Нұрғалиев Молдағали

Ұлы Отан соғысы ардагері атамыз Нұрғалиев Молдағали. Ол кісі 1914 жылы Новоресей ауданы, Сухиновка кеншарында (Хромтау ауданы) дүниеге келген. 1941 жылы майдан қатарына қосылып, 1945 жылы елге оралды. Соғыс кезінде 2 рет сол жақ беліне оқ тиіп , Калинен қаласында 2 ай ем алып, ұрыс даласына қайтып қосылған. Майдан кезінде Бауыржан Момышұлының қарамағында болған. Оған дәлел Бауыржан Момышұлының қолы қойылған дивизиясында болған деген кітапшасы бар. Жауынгерлік батылдығына сай "Ерлігі үшін" медалімен, Ұлы Отан соғысының 10, 20, 30, 40, 50 жылдығы төсбелгілерімен, "Молодой гвардеец пятилетки" , "Отчественная война II степени", "70 лет Воруженный сил СССР", 1916 жылғы ұлт азаттық соғыстың 60, 70, 80 жылдығына арналған төсбелгілерімен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатымен марапатталды, атамызға тұрғын үй ордерін табысталды. Оқ бораған майдан даласында қан кешкен жауынгер, асыл әке, ардақты атамыз 1995 жылы 81 жасында дүниеден өтті. Осындай бейбіт өмірді орнату үшін аянбай жанын салған атамызбен біз, ұрпағы, мақтанамыз!

Нравится