Жекеев Мұса Кенжеұлы

  • Фото ветерана: Жекеев Мұса Кенжеұлы
    Жекеев Мұса Кенжеұлы
  • Фото ветерана: Жекеев Мұса Кенжеұлы
    Фото ветерана: Жекеев Мұса КенжеұлыФото ветерана: Жекеев Мұса Кенжеұлы

Жекеев Мұса Кенжеұлы 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Саралжын аулында туған. 1943 жылы қаңтарда әскерге алынып, мамырға дейін кіші командирлерді дайындайтын курстан өткен.120 мм миномет расчетінің командирі кіші сержант атағымен 1-ші Украина майданының құрамындағы 13-ші әскер 24-ші атқыштар корпусының 26-шы гвардиялық механикаландырылған бригадасының құрамында Курск дұғасында болған соғысқа қатысады.

1945 жылы Одер өзенінен өту кезінде аяғын жарақаттап, госпитальға түседі. Соғыс біткеннен кейін де әскерде болып, 1947 жылы елге келеді. Көп жыл трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс істеп, 1983 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.

Еске алушы - ұлы Мусин Зарлық.

Нравится