Битаков Исмақ

  • Фото ветерана: Битаков Исмақ
    Битаков Исмақ
  • Фото ветерана: Битаков Исмақ
  • Фото ветерана: Битаков Исмақ
  • Фото ветерана: Битаков Исмақ
  • Фото ветерана: Битаков Исмақ
    Фото ветерана: Битаков ИсмақФото ветерана: Битаков ИсмақФото ветерана: Битаков ИсмақФото ветерана: Битаков ИсмақФото ветерана: Битаков Исмақ

Битаков Исмақ Меңдіғалиұлы (Битақ) 1925 жылы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауданында туған. Руы-Ноғай-Қостаңбалы. Ұлы Отан соғысына 1943 жылы Қазақ КСР-нің Алматы облысы, Дзержинский ауданында орналасқан 621-ші миномет полкіне қызыл әскер қатарына шақырылды. Алматы облысында, қызыл әскердің артиллерия құрамында "байланысшы" мамандығында арнайы дайындықтан өткеннен кейін, 1944 жылы 621-ші миномет полкімен Кеңес Одағының батыс майдан шебіне (Карелия майданы) жіберілді. Карелия майданында қызыл әскер артиллериясының миномет батареясында телефонист-байланысшы лауазымында Отан алдындағы борышын өтеді. Жаудың қоршауында қалғанда, бірнеше рет үзілген байланысты қайта орнатып, дивизионына үлкен көмегін тигізіп, ерлігімен көзге түсті. 1944 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің бұйрығымен майдан шебінде осы батылдығы үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

1945 жылы мамырда Еуропада соғыс аяқталғанымен Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта Жапония антифашистік коалицияға қарсы соғысты әрі қарай жүргізе берді. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945 жылы 8 тамызда Жапонияға соғыс жариялады. Битаков Исмақ 1945 жылы Кеңес Одағының батысындағы Карелияны фашистік Германиядан азат еткеннен кейін, 621-ші миномет полкімен бірге Қиыр Шығыстағы Кеңес Одағының Сахалин және Курил аралдарын Жапон империялистерінен тазартуға соғысқа қатысты. Сонымен қатар, ардагер Битаков Исмақ атақты 621-ші миномет полк қатарында Кореяны Жапониядан азат етуге қатысты. 7 жыл соғыста болып, 1950 жылы елге оралған. Соғыста 7 жыл "байланысшы" жұмысына әбден машықтанған соң, бұрынғы Ақмола, қазіргі еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында телефонист, байланысшы оқуын тәмамдаған. Арнайы училищеден білім алып келіп, үйленіп, туған жерінде почтада байланысшы, жергілікті ауылдық кеңесте бас есепші қызметтерін атқарды.

1956-1958 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Сайхын ауданында ауылдық округ атынан депутат болып сайланып, жұмыс атқарды. 1960 жылдары жұмыс барысымен қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылына көшіп барды. Аяпова Фазила әжемізбен отау құрғаннан кейін, шаңырақта атамыздың ізін жалғайтын үш ұл және үш қыз дүниеге келді. 1968 жылы атамыз сырқаттанып, 1968 жылдың 25 мамырында бұл дүниемен мәңгіге қоштасты.

Ардагер ұрпақтарын жұбайы, Фазила әжеміз ешқандай қиыншылыққаа мойын ұсынбай, ел қатарлы тәрбиелеп, өсіп-өндірді. Сонымен қатар, Битаков Исмақтың Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқа қатысқаны туралы деректер мен мағлұматтар Ресей Федерациясы Южно-Сахалинск қаласындағы Ұлы Отан соғысындағы Жапон соғысына қатысқан Қызыл Әскер сарбаздар мен офицерлерге арналған, жалпы тарих тұңғиығына бататын, үлкен мемориал музейіне енгізілді.

Медальдары: "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Кореяны азат еткені үшін", "Карелияны азат еткені үшін", "Ерлігі үшін", "Жеңістің 20 жылдығы".

Нравится