Байқоңыров Әлихан

  • Байқоңыров Әлихан

Әлихан Байқоңыров - адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың зардабын жөргегінде жатып тартқандардың бірі. Әлихан Байқоңыров 1923 жылы алғашқы қар жауғанда дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда Әлихан Байқоңыров Ұлытауда (Қарсақпайда) 4 кластық гимназияның орыс класын бітірген. Сонымен бірге арабша сауат ашып, латын, кириллица жазуларын білген. 19 жасында 1942 жылы 18 шілдеде майданға аттанды. Свердловск қаласында кіші командирлер даярлау мектебінде екі ай дайындықтан өтті. 1942 жылы 9 қыркүйекте сержант Байқоңыров Москва қаласы арқылы Калуга майданына аттанды. Брянск-Смоленск бағытында 1943 жылдың 28 ақпанына дейін майдан шебінде шайқасты. Брянск-Смоленск бағытында шайқас Кеңес азаматтарының есінде қалды. Бұл шайқаста Кеңес әскерлері әскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады. Сол шайқаста контузия алып, аяғына снаряд жарықшасы тиіп, 3 рет ота жасалғанымен жарықшақты алу мүмкін болмаған. Содан 1943 жылдың тамызында майданға жарамсыз болып елге қайтарылған. Туған елге оралған соң ауылдық кеңесте, кейін аудандық атқару комитетінің бөлімдерінде қызметте болып, зейнетке шықты. Аяқта қалған оқ жарықшағы біраз жылдан кейін сыр берді. 1988 жылы ота жасалып, ардагер аяғынан айырылған. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Әлихан Байқоңыров та өзіне лайық үлесін қосты. Қатаңдықты да, жұмсақтықты да қабағымен танытатын Әлихан Байқоңыров сөздері мен жарқын бейнесі жүректе мәңгі қалады. Әлихан Байқоңыров пен жұбайы Сақыпжамал Әбілдинова 8 бала тәрбиелеп өсірген. Сақыпжамал Әбілдинова батыр ана, қүміс алқа иегері. Балалары Жақсылыққа, Жаксыкунге, Жақанға, Бәдіржамалға, Бақтиярға, Бақытка, Бағдатқа, Шамшиденге қалдырған ең үлкен мұрасы - ата-анасының жақсы тәрбиесі. Ақсақалдың ұрпақтарынан тараған 20 немере, 23 шөбере - бүгінде бір қауым ел. 2000 жылы 19 желтоқсанда дүниеден өтті.

Нравится