Хисметов Сәлім

  • Фото ветерана: Хисметов Сәлім
    Хисметов Сәлім
  • Фото ветерана: Хисметов Сәлім
  • Фото ветерана: Хисметов Сәлім
  • Фото ветерана: Хисметов Сәлім
    Фото ветерана: Хисметов СәлімФото ветерана: Хисметов СәлімФото ветерана: Хисметов СәлімФото ветерана: Хисметов Сәлім

Хисметов Сәлім 1922 жылы, бұрынғы Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Қайыршақты елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі ерте дүние салып, анасы Зағипа мен Сабыр ағасының қамқорлығын көріп, қатарынан кем болмай өсті.

1940-1941 жылдары - мектепте мұғалімдік қызметте болған. 1941 жылы 22 сәуірде ол Қызыл Армия қатарына шақырылуына байланысты мұғалімдік жұмыстан босатылады. 04.1942 - 12.1942 жылдары Гурьев жаяу әскер училищесінің курсанты. 12.1942- 03.1943 жылдары 9-қосымша атқыштар полкының взвод командирі. 03.1943-06.1943 жылдары 3-Украин майданының, 33-гвардиялық атқыштар дивизиясының, 88-гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі.

1943 жылдың маусым айында кезекті ұрыс майданында екі аяғынан ауыр жараланып, әрі майдан шебінің дәл өтінде орналасқан су толы окопта біраз күн жатып қалғанынан, жарақаты асқынғанына байланысты Ереван қаласындағы госпитальға жөнелтіледі. Ол госпитальда келесі жылдың ақпан айына дейін емделіп, соғысқа жарамсыз болып, туған елге екі балдақпен оралады.

Хисметов Сәлім елге келгесін, соғыстан бұрын бітірген педагогикалық училищедегі мұғалімдік мамандығы бойынша Байшонас кәсіпшілігіндегі орта мектепте физика-математика пәндерінен сабақ береді. Соғыс аяқталысымен інісі Асабай екеуі Мәскеудегі академик И.М Губкин атындағы мұнай институтына, мұнай инженері мамандығына оқуға түседі.

1951 жылы оқуын үздік бітіргеннен кейін "Эмбанефть" өндірістік бірлестігіне жұмысқа қабылданды. Доссор мұнай-газ өндіру басқармасында, Қошқар, Кеңқияқ мұнай кенішінде, көп жылдар жұмыс жасады. 1965 жылы мұнай және газ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы жұмысына ауысты. Өмірінің соңғы кездері "Ембімұнай" бірлестігінің тампонаж конторында бас инженер болып еңбек етті. "Отан" соғысы, "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

Нравится