Кабдиев Шаймұхан

  • Фото ветерана: Кабдиев Шаймұхан
    Кабдиев Шаймұхан

Кабдиев Шаймұхан - 1912 жылы 1 маусымда Павлодар облысы, Май ауданы, Белогорье (қазіргі Көктөбе) ауылында дүниеге келген.

"Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат баласына ажал оғын сеуіп, талай-талай жас ғұмырды гүлдей солдырған қан майдан біздің тарихта жазылмайтын "ұмытылмайтын" қанды із қалдырды. Қазақстанның әр жерінен жас боздақтар кеткен бұл соғысқа Павлодар облысынан да кеткендер аз емес. Сондағы осы қанды майданға қатысқан жауынгер атам жайлы айтқым келеді. Ол жайлы біреу білсе, біреу білмейді", - дейді немересі. 

Отбасында жеті ағайынды. Өмір жолын 1936 жылы ауылда қарапайым жұмысшы болып бастады. 1937 жылы өрт сөндірушілердің бастығы болып ауысқан. 1941-1945 жылдары Кеңес әскері құрамысында болған. 1941 жылы 9 қарашада РККА "Қатарлы жауынгер" атағымен 225-816 нөмірлі нарядқа қабылданды.

  • "За взятие Будапешта" (1947),
  • "За освоение Целинных земель" (1956),
  • "КСРО қарулы күштеріне 50 жыл" (1970),
  • "Ұлы Жеңіске 20,25,30 жыл мерейтойлық" медальдармен марапатталған.

1947 жылы ауылдың № 2 фермасында бригадир болып жұмыс істеді. 1948 жылы № 3 фермасында сатушы, кейін 1949 жылы сәуірден нефтебаза меңгерушісі болып ауысты. 1952 жылы 27 мамырда Омарова Зияш Ақышқызымен заңды некеге тұрып, 7 ұл, 8 қыз сүйді. 1970 жылы мамыр айынан шабан, 1974 жылы Киров (қазіргі Малайсары) ауылының Дауылбай учаскесінде күзетші болып істеген. 1982 жылы Май ауданы Киров совхозында (қазіргі Малайсары ауылы) дүниеден озған.

"Атам Мәскеу, Сталинград, Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсетіпті.  Киев, Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысыпты. Атам жеңісті Калининград қаласында қарсы алыпты. Өзінің ерлігі үшін ордендермен, медальдармен марапатталып, туған жеріне 1946 жылы оралыпты", - дейді тағы бір немересі Кабдиева Айсана.

Нравится