Өтеков Нұрғали

  • Фото ветерана: Өтеков Нұрғали
    Өтеков Нұрғали

Өтеков Нұрғали - 1912 жылы дүниеге келген. 1939 жылы Қазанда Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскерде аға лейтенант шенін алған Нұрғали Есжанұлы Өтеков Сібір №129 атқыштар полкінің рота командирі болады. 1942 жылдың қысында "қанды қасап" атанған Сталинград майданында шайқасады.

Көптеген кескілескен ұрыстарда ротаны жауға бастаған Н.Есжанұлы ерлігі үшін бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы, "Қызыл жұлдыз" ордендерімен және "Сталинградты азат еткені үшін" барлығы отыз шақты орден, медальдарымен марапатталған. 1943 жылдың қысында кескілескен ұрыста ерлік жасаған. 1945 жылы Мәскеуде кызыл аланда женіс парадына катыскан Г.Жуков Р. Рокосовски И. Конев тағы басқаларымен бірге қызмет еткен.

Нравится