29 тамыз 2023 | 11:57

2024 жылы Ұлттық қордан қанша ақша алынады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі 2024 жылы Ұлттық қордан қанша қаражат алынатыны және оның қайда жұмсалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігі 2024 жылы Ұлттық қордан қанша қаражат алынатыны және оның қайда жұмсалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында келер жылы Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге көлемінде трансферттер тартылатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобалары шеңберінде бірқатар әлеуметтік нысандар салу сияқты әлеуметтік маңызы бар және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталады.

"2024 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 2,6 пайыз деңгейінде болжанады, 2026 жылға қарай ЖІӨ-ге 2,3 пайызға дейін төмендейді. Кіріс мен тапшылықты ескеріп, 2024 жылға арналған бюджет шығыстары 2023 жылға қарағанда 1,5 триллион теңгеге ұлғайып, 24 триллион теңге болады деп жоспарланып отыр. Бюджет шығысы жалпы шығыстың 41 пайызын алады, оның негізгі үлесі әлеуметтік салаға тиесілі", - деді Жамаубаев.

Премьер-министр орынбасарының баяндамасына сәйкес, 2024 жылы әлеуметтік саланың шығыстары 9,9 триллион теңгеге жетіп, 2023 жылға қарағанда 1,4 триллионға ұлғайған.

"Шығыстың өсуінің негізгі факторлары: әлеуметтік төлемдерді - зейнетақы, жәрдемақы мен стипендины индекстеу; әйелдер үшін зейнеткерлік жасты 61 жас деңгейінде тоқтата тұру; бала күтімі бойынша кезеңді бір жарым жасқа дейін ұлғайту; гранттар саны мен стипендияның мөлшерін ұлғайту; азаматтық қызметшілердің, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогтерінің еңбек ақысын ұлғайту; медициналық халық санының және науқастар санының өсуін ескеріп, ТМККК және МӘМС шеңберіндегі көмекпен қамту", - деді Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.52  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer