07 қазан 2019 10:30

"73 мыңнан аса отбасы табысын жасырған". Енді АӘК басқаша тағайындалатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кей отбасылар өз табыстарын жасырғаны үшін атаулы әлеуметтік көмекті санау тәсілі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Кей отбасылар өз табыстарын жасырғаны үшін атаулы әлеуметтік көмекті санау тәсілі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмекті санау жүйесін өзгертетін заң жобасы жайлы айтты. 

"АӘК өмірлік қиын жағдайға тап болып, одан өзі шыға алмаған адамдарға берілуі керек. Атаулы әлеуметтік көмекті тоқсан сайын тағайындап, сәйкесінше, үш айға шартты және шартсыз көмек белгілеуді ұсынамыз. Бұл АӘК алушылардың өз табыстарын жасырып қалу мүмкіндігін жоқ қылады", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Айтуынша, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азаюы мүмкін. Министр АӘК тоқсан сайын тағайындалып тұрса, төлем көлемі артуы ықтимал.

"АӘК көлемі отбасының барлық мүшесі үшін кедейлік шегі мен орта есеппен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық арқылы анықталады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, оның отбасының барлық мүшесі АӘК-тен қағылады. Сондай-ақ баласына қарап отырған аналарға олар үш жасқа келген соң еңбекке белсенді араласу ұсынылады", - деді министр. 

Жаңа заңнамада Нұрымбетов учаскелік комиссиялардың қызметін арттыруды ұсынды. 

"АӘК алатындар зәулім үйлерде тұрып, бірнеше автокөлік тізгіндеп, үлкен көлемдегі жер учаскелеріне қожайын болған мысалдар бар. Бұл жағдайларға учаскелік комиссиялар жауапты. Сондықтан заң жобасында учаскелік комиссиялардың көмекке мұқтаждықты анықтау белгілерін тағайындау үшін орталық атқарушы органның құзыретін қайта қарауды ұсынамыз", - деді министр. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері АӘК 113 мың отбасыға тағайындалған, бұл - 2,3 миллион адам. АӘК алатындардың жартысы - көпбалалы отбасылардың мүшесі. 

"АӘК тағайындау кезінде 73 мыңнан аса отбасы табыстарын жасырған. АӘК-тің заңсыз тағайындалған жайттары анықталды. Заң жобасында жергілікті атқарушы органдармен барлық жайт қарастырылған", - деді ол. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети