14 ақпан 2014 15:19

Әкімдерді дүкен аралауға мәжбүрлеген төрт күн не берді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бір танысымыз: "үшінші сыныпта оқитын ұлым ғаламторды ашып қойып, девальвация дегеннің не екенін оқып отыр. Өйткені, міне, неше күн болды, үйде тек теңгенің құнсызданып, доллардың қымбаттауын ғана айтып жатырмыз", - дейді. Расында да, қазір жұрттың бар әңгімесі девальвация, яғни девальвациямен келген қымбатшылыққа қарай ойысқан. Өйтпейше, 20 пайызды құраған девальвация толқыны басталған сәттен бастап адамдар бір сағаттың ішінде 2,81 млрд. доллар жоғалтқан деседі. Айтпақшы Алаш айнасы Қазнет статистикасын зерттеп көрген еді, 10 ақпан күні интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігіне ең көп дегенде 303 885 адам кірген екен, ертесіне, яғни доллар бағамы өскен 11 ақпан күні көрсеткіш күрт өсіп, 404 575-ке бірақ шыққан. "Алдамасаң - базар жоқ" деген мақал - "саудада достық жоқ" дейтіндердің ұраны. Қазір саудада жүргендер осы бір ұрымтал тұсты пайдаланып қалуға тырысуда. Ал Ресейде басталып, Қазақстанда жалғасқан девальвация қарапайым халықтың дегбірін қашырып бітті. Себебі, "қымбатшылықтың қыспаққа алатын күні алыс емес" дейді сарапшылар. Отандық БАҚ-тарға мәлімдеме жасаған саясаттанушы Расул Жұмалы тіпті: "Теңгенің құнсыздануын үкімет пен ҚР Ұлттық Банк басшылығы алдын-ала ескертпеді. Ондай болса, олардың отставкаға кеткендері дұрыс шешім болар еді" деп салды. Оның ойынша, "отандық нарықтағы азық-түлік, киім-кешек негізінен шетелдік тауарлар. Демек, теңгенің құнсыздануы - бағалардың шарықтауына алып келетіні айдан анық". Кейбір сарапшылар айтып келмеген девальвацияны "тонаудың мәдени түрі" деп санайды. Рас, әр аймақтағы әкімшіліктерге үкімет басшысы ешбір тауардың бағасының өспеуін қадағалауды қатаң тапсырды. Тіпті "жазалаймыз" деді де. Алайда бағаны тізгіндеп тұру қолдарынан келер ме екен? "Мақұл" деп кәсіпкерлер бір көздерін қысты, білеміз. Баға жаймен өсіп жатыр бірақ. Мәселен, Алматы қаласындағы "Сулпак", "Технодом", "Планета электроники" сияқты тұрмыстық техникалар сататын сауда орталықтарында болдық, баға өзгерген. "Сулпакта" әр тауарға әрқалай баға қосылған, дәлірек айтсақ, 5 мың теңгеден 30 мың теңге аралығында. "Технодом" негізінен өтімділігі жоғары тауарларды 10-15 пайызға дейін қымбаттатыпты. Ал "Планета электроники" дүкеніндегі тауарлар бағасы 5-10 пайыз шамасында көтерілген. Десек те, бізді таң қалдырғаны, жанармай стансаларындағы баға бұрынғыдай. Доллар қымбаттаған күні бас-аяғы үш-төрт сағаттың ішінде еліміздің ірі қалаларында азық-түлік пен жанармайдың бағасы секунд санап өсіп, елде бір дүрліктірген болатын. Мысалы, Алматыдағы кейбір стансаларда АИ 92 маркалы жанармай құны сол күні 115-тен 175 теңгеге бірақ көтеріліп, тіпті Есімовтың есін шығарды. Сөйтіп, Алматы әкімі Ахметжан Есімов ертесіне қаланың ірі дүкендерін, дәріханалары мен жанармай стансаларын өзі аралап шықты. Сөйтіп, ол халықты ҚР Ұлттық банкінің теңге бағамына түзету енгізгенімен, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының бұрынғы қалпында қалатынына сендірді. "Мемлекет бизнеске үнемі қолдау көрсетеді. Біз кәсіпкерлердің қазіргі жағдайды өз бас пайдасы үшін пайдаланбайды деген сенімдеміз. Тиісті заң аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шарықтауына жол бермейміз", - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов. "Қазір жағдай қатаң бақылауда" дейді әкімшіліктің Баспасөз қызметі. Бәлкім сондықтан да болар, жанармай бағасы бүгін орнында тұр. Аралап шыққан едік, "Гелиос", "Сонар", "Лукойл" т.с.с. жанармай стансаларындағы баға баяғы, яғни АИ 92 – 114-115, АИ 95 – 148-149 теңге аралығында. Ертең не болады, ол жағы белгісіз. Бір білетініміз, қымбатшылық "қаһарына" мініп тұр, тізгінді босатып алсаң бітті, қайтып ырыққа көнбесі анық. Үкіметтің "аймақтардағы ахуалды Астанадан тікелей бақылап отырмыз. Бағаның шектен тыс шарықтауына жол бермейміз" деген қатал ескертулерін бәрі бірдей ескеріп жатқан да жоқ. Атқамінерлердің уәдесіне тіпті халық та сенбейді. Үкімет "қымбаттатпаймыз" деп жатса, екінші жақта кейбір монополистер басқа ән айтады. "Тым болмаса, ақылдасып алмай ма екен?" деп те ойлайсың?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети