Биыл 2 миллионнан аса адамның зейнетақысы өсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға өсті, оның ең төменгі мөлшері - 16 839 теңге.

Бұл өсім 2 миллионнан аса зейнеткерге әсер етті.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5 пайызға артты.

Нәтижесінде бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 59 872 теңге, екінші топ - 47 710 теңге, үшінші топ - 32 431 теңге.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 теңгеден 65797 теңгеге дейін болды. Сонымен бірге, жетім балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері әрқайсысы үшін 36 796 теңгені құрады, бірақ отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бұл өсім шамамен 680 мың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әсер етті.

Айлық есептік көрсеткіш шамасының өзгеруіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері де 5 пайызға артты.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері 24 973 теңге, № 2 тізім бойынша - 22 216 теңге.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer