12 желтоқсан 2022 13:06

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын беру бойынша құқығы кеңейтіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын жекеменшік басқаруға беру құқығы кеңейтіледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын жекеменшік басқаруға беру құқығы кеңейтіледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент экономиканы несиелендіруге және халықтың қарыз жүктемесін азайтуға баса назар аударды.

"Мен нақты экономиканы несиелендіруді кеңейту қажеттілігі туралы бірнеше рет айттым. Бизнес қолжетімді қаржыландыруға өте мұқтаж. Менің тапсырмам бойынша шұғыл шешімдер пакеті әзірленді. Ол осы саладағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке басқаруға беру құқығы кеңейтіледі", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін несиелендіруді арттыру мақсатында астық қолхаттары институты толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылады, деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары үшін сенімді кепілге айналады.

"Дәл осындай жағдай жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты, бұл экономиканың осы секторын белсендірек несиелендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Үкімет пен қаржылық реттеуші органдардың "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарын жеті жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырғанын мақсатқа сай деп санаймын. Әрине, бұл экономиканың ең басым секторларына ғана әсер етуі керек", - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети