04 қараша 2015 11:20

Доллар бағамы 284 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 284,28 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша валюта бағасының тарихи рекордқа жетуіне 1,49 теңге ғана қалды, ол - 285,77. Доллар бағамының ондай көрсеткіші 2015 жылы 16 қыркүйекте тіркелген еді.


KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 284,28 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша валюта бағасының тарихи рекордқа жетуіне 1,49 теңге ғана қалды, ол - 285,77. Доллар бағамының ондай көрсеткіші 2015 жылы 16 қыркүйекте тіркелген еді.

4 қарашада алғашқы келісім 284 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға - 283,4. Ал ең жоғарысы - 285,5 теңге. Сауданың жалпы көлемі 90,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Сонымен қатар, ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 283-287 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашадағы KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 283,23 теңгеге жеткен еді. Айта кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, орнына Данияр Ақышев келді. Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.

Доллар бағамы тарихи рекордқа жеткенде ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын төмендетуге қатысты шараларды қолға алды. Интервенциялар жүргізілді. Кейін Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланғаны анықталды. Бағам ұзақ уақыт бойы 270-280 теңге деңгейінде сақталды. Айта кетейік, Ұлттық банктің өкілдері бұған дейін интервенциялар туралы сауда күнінің соңында хабарлап отыруды уәде етті. Алайда дүйсенбіден бері бағам шарықтап келе жатса да интервенциялар туралы сөз болған жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети