07 қазан 2014 09:55

Жұмыс аптасын төрт күнге қысқарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nws.su © nws.su

БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы өз құрамына кіретін 185 елге (оған Қазақстан, Ресей және Беларусь те мүше) төрткүндік жұмыс аптасына көшуді ұсынды, - деп жазады "Коммерсантъ".


БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы өз құрамына кіретін 185 елге (оған Қазақстан, Ресей және Беларусь те мүше) төрткүндік жұмыс аптасына көшуді ұсынды, - деп жазады "Коммерсантъ".

Бұл жұмыс орнын көбейтуге, жұмысшылардың денсаулығына және қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді деп есептейті аталмыш ұйым. Бұдан бөлек, артық жұмыс істету және жұмысқа қатты күш салу көп адамды ауруға шалдықтырады, ал аз жұмыс істеудің тиімділігі жоғары болады. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) сарапшыларының пікірінше, кім кеңседе көп уақытын өткізсе, қызметте ашуға тез берілетін болады.

Бұдан бұрын Google басшысы Ларри Пейдж пен әлемдегі ең бай екінші адам, мексикалық магнат Карлос Слим де жұмыс аптасын қысқартуға байланысты ұсыныс айтқан болатын. Егер үшкүндік жұмыс аптасын енгізетін болсақ, онда бір орынға екі жұмысшыны алып, әрі олардың жеке уақыттары анағұрлым көп болады деп түсіндірген еді олар.

ХЕҰ-ның ұсынысы Ресейге міндетті болып табылуы үшін, онда ол келісім шарт түрінде рәсімделуі керек, Мәскеу бірігіп халықаралық шартты бекітуі тиіс. Халықаралық шарт бекітілгеннен кейін, Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі қажет.

Мемлекеттік Дума ХЕҰ-ның ұсынысы ескерусіз қалмайтынын жеткізді. "Комитет осы аптады бұл тақырыпқа байланысты дөңгелек үстел өткізуге шешім қабылдайды", - деді МемДуманың еңбек жөніндегі комитет төрағасы Андрей Исаев газетке берген сұхбатында. 

Дегенмен сарапшылардың пікірінше, Ресейде еңбек өнімділігі төмен және экономика шикізат түсіміне тәуелді болып отырғандықтан, бұл идеяны жүзеге асыру екіталай екен. 

Ал Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, әзірге біздің депутаттар ХЕҰ ұсынысын елеп-ескеріп отырған жоқ. Бұл ретте қазақстандық психолог Мира Дусбекова "Жетінші арна" телеканалына берген сұхбатында төрткүндік жұмыс аптасы жұмыс қатынасына да, еңбек өнімділігіне де, жанұялық қатынасқа да тұтастай жағымды әсер ететінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети