09 қаңтар 2020 10:23

Қазақстанда 5 триллион теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kungei.kz © kungei.kz

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құны -  4 триллион 909 миллиард 820 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құны -  4 триллион 909 миллиард 820 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш көрсеткіш 2018 жылғы 11 аймен салыстырғанда 672 миллиард теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары.

Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында 2 триллион 867,6 миллиард теңгеге (өсім 19,1 пайыз), ауыл шаруашылығында – 2, 03 триллион теңгеге(өсім 10,4 пайыз) өнім өндірілген.

Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 миллиард.теңге), Алматы (472 миллиард. теңге), Ақмола (348 миллиард теңге) және Түркістан (346 миллиард теңге) облыстары көш бастап тұр. Аталмыш өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды.

Мал шаруашылығында былтырғыдай Алматы облысы (323 миллиард теңге), Шығыс Қазақстан (281 миллиард теңге) және Түркістан (243 миллиард теңге) облыс алдыңғы қатарда тұр. Мал мен құс өндірісінде аталмыш облыстар да тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Осыған дейін елімізде ауыл шаруашылық саласында миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети