23 желтоқсан 2020 08:29

Қазақстандық банк салымшыларымен есептеспесе үш күннен кейін лицензиясынан айырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылмауы үшін үш күн ішінде салымшыларымен есептесіп үлгеруі керек. Қаржы ұйымына салымшыларымен есеп айырысуды бастау туралы ұйғарым шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Первый канал Евразия" телеарнасына сілтеме жасап.


AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылмауы үшін үш күн ішінде салымшыларымен есептесіп үлгеруі керек. Қаржы ұйымына салымшыларымен есеп айырысуды бастау туралы ұйғарым шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Первый канал Евразия" телеарнасына сілтеме жасап.

Шекті мерзімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндегілер айтты. Телеарна мәліметінше, банк клиенттерінің кейбірі бір жылдан бері шоттағы ақшасын ала алмай жүр.

Надежда Степанова үйін сатып, басқа үй алу үшін банкте депозит ашқан. Алайда қазір ол ақшасын ала алмай отыр.

"Біз күйеуімізбен үлкен пәтерімізді саттық. Екеуміз де мүгедекпіз. Менің онкологиялық ауруым бар. Күйеуім инсульт алып, мүгедек болып қалды. Мұнда ақшаны кейін шығарып алып, өзіміз үшін шағын пәтер сатып алу үшін салғанбыз", - деді банк салымшысы Надежда Степанова.

AsiaCredit Bank өкілдері қиындықтар барын айтты. Олар мәселені шешуге тырысып, клиенттердің алдындағы міндетін орындау үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндегілер банкке соңғы мүмкіндікті берді. Жаздың соңында агенттік банктің басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жұмыстан шеттетіп, орнына жаңа басшылар тағайындалған болатын.

"Бекітілген шаралар жоспары уақытылы және толық орындалмаған жағдайда агенттік қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылдайды, тіпті банк операцияларын жүргізу лицензиясынан да айырылуы мүмкін. Дегенмен айта кетейік, тұрғындардың салған ақшасына мемлекет кепілдік береді", - деді агенттіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети