08 қыркүйек 2020 20:29

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан ішінара алынған сомаға салық төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қазақстандықтар зейнетақы ақшасынан ішінара алынған сомаға жеке табыс салығын төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандықтар зейнетақы ақшасынан ішінара алынған сомаға жеке табыс салығын төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы салынатын табыстарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан төлейтін төлемдері де жатады (Салық кодексінің 326-бабы)", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте жеке тұлғалар 1 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын сомасын азайтуға құқылы.

"Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-налары) қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы, бұл 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Зейнетақы қорындағы жеке шотты қалай тексеруге болады?

Еске салайық, Зейнетақы жинақтарын 2021 жылдан бастап ішінара алуға болады. Алу саны бойынша шектеулер көзделмеген. Яғни, азамат БЖЗҚ-дағы шотта белгілі бір соманы жинақтай алады, оны тұрғын үй сатып алуға алып, біраз уақыттан кейін жөндеуге арналған соманың тағы бір бөлігін ала алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети