08 қаңтар 2016 15:39

Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасының 88 пайызы доллармен сақталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© indianexpress.com © indianexpress.com

Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасының 88 пайызы доллармен сақталған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлап отыр.


Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасының 88 пайызы доллармен сақталған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлап отыр.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстандықтар қаржысын доллармен сақтауды жөн көреді екен. "Бүгінде жұрттың депозиттегі ақшасының 77 пайызы долларда екен. Тіпті кейбір банктерде бұл көрсеткіш 88 пайызға жеткен. Бірақ, ұлттық валютамен сақталған қаржының көлемі де тоқырап қалды деуге келмейді. Дегенмен, төл теңгеге деген көпшіліктің көңілі әлі де күпті", - дейді телеарна тілшілері.

Еске салайық, еліміздің бас банкирі Данияр Ақышев депозитке салынған теңгенің пайызы өсіп, доллардың пайызы төмендеуі мүмкін деген еді. "Бірақ сарапшылардың дені халықтың Ұлттық банкке деген сенімі артса, теңгемен қаржы жинау көбейер еді дейді. Алайда, теңге бағамының төмендеуі тоқтамай тұр. 2015 жылдың қарашасында қазақ ақшасы 10 пайызға, желтоқсанда 10,6 пайызға құнсызданыпты",- деді экономист Уалихан Төлешов.

Сонымен қатар, телеарна тілшілері 2020 жылы осыдан 10 жыл бұрын басылған 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік купюралар жарамсыз болатынын ескертіп отыр. Тұрғындар аталған ақшаны 2017 жылдың қазанына дейін екінші деңгейлі банктерге өткізіп үлгерулері керек. Осы және өзге де экономика жаңалықтары келесі топтамада.

1 ақпаннан бастап шетел валютасын сату мен сатып алу біршама өзгеріске ұшырауы бек мүмкін. Бұдан былай коммерциялық банктер мен ақша айырбастау орындарында шетел валютасын сату мен сатып алу айырмашылығы 6-7 теңге болатын жаңа бағам орнатпақ.

Яғни, долларды теңгеге айырбастау айырмашылығы 6 теңге болса, еуро 7 теңгеге жетуі ықтимал. Бұған дейін айырмашылық 2-3 теңге болатын. Бұқара жылжымайтын мүлік саудалағанға жақсы деп бөріктерін аспанға атса, кей сарапшылар бұдан келетін қауіп үлкен екенін айтуда. "Еркін коридор деді, еркін жүзу деді. Қазір енді 360-қа шығып кетті. Ақылға сыймайтын зат. Қарапайым халық зардап шегеді. Барлық тауар қымбаттады, азық-түлік", - Қаржыгер Хайролла Ғабжәлелов. 

Айтылған ақша айырмашылығын бірқатар экономистер жақсы жаңалыққа балайды. Біріншіден, ақша айырбастау пункттері арасындағы бәсекелестік артпақ. Екіншіден, АҚШ ақшасын сату мен сатып алу арасындағы алшақтық артса, бағамдардың ұзақ сақталуына септігін тигізер еді дейді мамандар. Қазақстан қор биржасының күндізгі сауда сессиясында доллар тағы да көтерілді. Таңнан бері 2 теңге 27 тиынға көтерілген доллар қор биржасының өзінде 345 теңге 49 тиыннан саудалану үстінде. Ал айырбастау пункттерінде доллардың құны 346-347 теңге аралығында сатылып жатыр. Бір тәулікте сатылған валюта көлемі 97 млн 700 мың доллар. Бұл кешегі саудамен салыстырғанда 36 млн 600 мың долларға кем.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети