Келімбетов: Қазақстандықтар депозитте 300 миллион теңгені алаңсыз сақтай алады

21 Қаңтар 2015, 14:24
0
Келімбетов: Қазақстандықтар депозитте 300 миллион теңгені алаңсыз сақтай алады - Фото ortcom.kz сайтынан алынды
Фото ortcom.kz сайтынан алынды

Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов халықтың ұлттық валютаға деген сенімін арттыру үшін жасалатын шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2014 жылдың соңындағы Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесінде депозит салымшыларының 10 миллион теңгеге дейінгі жинағына мемлекет кепілдік беретіні туралы жазылған. 

"Бұрын салымшылардың бес миллион теңгесіне мемлекет кепілдік беретін, депозит теңгемен болса да, доллармен болса да. Енді ұлттық валютадағы жинақты ынталандыру үшін мемлекет бір банктегі 10 миллион теңгеге дейінгі депозит жинағына кепілдік береді. Егер сіздің жинағыңыз қазақстандық банктердің барлығында болса, әр банктегі жинаққа кепілдік бар. Біздің есептеуіміз бойынша, бұл - 300 миллионнан аса қаражат, яғни қазақстандықтар қаржыларын еш алаңсыз еліміздің банктерінде сақтай алады. Ал оған мемлекет кепіл болады. Егер доллар баламасымен айтатын болсақ, бұл 54 мың доллардан асады", - деді Келімбетов Мәжілістегі отырыстың сыртында.

Оның сөзіне қарағанда, Ресеймен салыстыратын болсақ, онда соңғы өзгерестірден кейін 21 мың доллар жинаққа мемлекет кепілдік береді. "Біздің елде халықтың депозиттік жинағына кепілдеме беру жүйесі өте мықты жұмыс істейді. Жалпы алғанда бұл халықтың жинағын өз валютасы - теңгемен сақтауына шақыратын жақсы сигнал", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай