22 маусым 2023 10:45

Қостанайда субсидияға бөлінген миллиондаған қаржыны жымқыру схемасы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда бір топ адам агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін Қаржы мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының көмегімен әшкереледі.

Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар арасында үлестірілген.

Ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети