Парламент "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдады Фото flickr.com сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты &quot2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы&quot заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі&nbspмәжілістің пленарлық палатасынан.


Депутаттар отырыста одан басқа &quotҚазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы&quot Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы&quot заң жобасын мақұлдады. Екі заң жобасы да теңге бағамын АҚШ долларына қатысты түзетуге байланысты әзірленген.

ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті биыл отандық тауарларды шетелге экспорттаудан 86,3 млрд. доллар түсім түседі деп тұспалдауда, бұл бұрын мақұлданған болжамнан 1,6 млрд долларға жоғары. Ал тауар импорты 52,2 млрд. долларды құрайды, бұл бұрын мақұлданған болжамнан 6,4 млрд. долларға төмен. Инфляция параметрлері жылдың аяғына дейін болжаммен 6-8 пайыз дәлізінде сақталады.

Бюджетке түзетулер енгізу шеңберінде кейбір мемлекеттік бағдарламаларға қосымша қаражат бөлу көзделген. Бұл ретте &quotБалапан&quot бағдарламасына 6,7 миллиард теңге, &quotҚолжетімді тұрғын үй - 2020&quot бағдарламасына 20,8 миллиард теңге, &quotТҮКШ жаңғыртуға&quot - 8 миллиард, ал &quotАгробизнес - 2020&quot бағдарламасын іске асыруға 17,7 миллиард теңге бөлінетін болды.

Бұдан бөлек, &quotЭКСПО - 2017&quot халықаралық ма&shyмандандырылған көрмесін ұйымдас&shyты&shyру&shyдың және өткізудің ұлттық жоспарын іске асы&shyруға тағы 10 млрд теңге қосымша қаржы қарастырылған. 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен (5&nbsp773, 7 миллиард теңге) салыстырғанда&nbsp 432,5 миллиард теңгеге өсе отырып, 6&nbsp206,1 миллиард теңге көлемінде айқындалды. Кірістер жоспарлары (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда)&nbsp 331,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 4&nbsp361,2 миллиард теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 408,7 миллиард теңгеге өсумен 7&nbsp124,8 миллиард теңге сомасында көзделеді.

Кірістің артуы&nbsp505,5 миллиард&nbspтеңге көлемінде болжануда. Бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің 191,5 миллиард теңгеге артуы есебінен жалпы сомасы 303,3 млрд теңге болатын долларға шаққандағы теңге курсының өзгеруі мен 2014 жылғы 1 сәуірден бастап мұнайдың экспортында барреліне 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ доллары кедендік баж салығының артуы, сонымен қатар өзге де шығын көрсеткіштері 10,7 миллиард теңгені құрады.

Екінші заң жобасына қатысты айтсақ, доллар бағамының 185 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің 2014 жылға бекітілген мөлшері 100 миллиард теңгеге ұлғайтылды және 1&nbsp480 миллиард теңгені құрайды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +24
Ақтау +25
Ақтөбе +16
Атырау +20
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +26
П
Павлодар +22
Петропавл +28
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +18
О
Орал +27
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер