25 желтоқсан 2019 15:21

Перуашев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының миллиардтаған қарызы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компаниялар Қазақстанның табиғи байлықтарын теріс пайдалануы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев депутаттық сауалхатпен премьер-министрге және бас прокуратураға шетелдік компанияларды тексеру керектігі туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компаниялар Қазақстанның табиғи байлықтарын теріс пайдалануы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев депутаттық сауалхатпен премьер-министрге және бас прокуратураға шетелдік компанияларды тексеру керектігі туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің азаматтарымыздың кемсітушілікке жол бермейтіні туралы мәлімдеді және шетелдік жұмыс берушілерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жөнінде нақты тапсырмалар берді. "Ақ жол" қазақстандық шағын және орта бизнестің мүдделерін шетелдік шикізат алыптарының бұзуына да назар аудару қажет деп санайды. Ол аз десеңіз, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу - шамамен сегіз триллион теңге көлемінде шетелдік жеткізушілер мен мердігерлерге беріледі", - деді Перуашев.

Оның айтуынша, келісімшарттарға қол жеткізе алатын отандық кәсіпорындар заңды құқығы мен ықыласын кемсіту деректеріне тап болады. 

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер "Ақ жол" партиясынан көмек сұрады. Әлемдегі ең ірі өндіруші әртүрлі сылтаулармен қазақстандық серіктестерге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдаудың жасалған және қол қойылған актілері үшін төлемді тұрақты түрде кешіктіреді, бұл ретте кідірістер жарты жыл және одан да көп уақытқа созылады. Мысалы, 2016 жылы компанияның мердігерлер алдындағы қарызы - бір миллиард теңге, 2017 жылы - екі миллиард теңге, өткен жылы - миллиард теңгеден асты. Биыл Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының басшылығы "АрселорМиттал Теміртау" басшылығымен жергілікті мердігерлердің қарыздарын өтеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге мәжбүр", - деді Азат Перушаев.

Депутаттың айтуынша, іс жүзінде барлық қазақстандық контрсеріктестер банктерден несие алуға мәжбүр екен, орындалған келісімшарттарды уақтылы төлемеу оларға тікелей қаржылық залал келтіретіні анық.

"Мысалы, Коммерциялық несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 18 пайыз болғанда жарты жылдық кідіріс кезінде отандық компаниялардың шығыны келісімшарт сомасының 9 пайызы болады, бұл жергілікті бизнесті өмір сүру шегіне итермелейді", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети