03 ақпан 2020 17:56

Тоқаев мораторийі: Сауда министрлігі форумдарға 3 миллиард теңге жұмсамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2020 жылы форумдар мен конференцияларға үш миллиард теңге жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2020 жылы форумдар мен конференцияларға үш миллиард теңге жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2020 жылға сауда және интеграция министрлігі бірқатар форум, дөңгелек үстел мен конференция өткізуді жоспарлаған. 8-11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Іс-шара аясында шетелдік инвесторлар кеңесі, Астана экономикалық форумы, Парламентаралық конференция және бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық көрме байқауы жоспарланып отыр. Аталған шараларға бюджеттен үш миллиард теңге бөлінді.

Ведомство шығындарды қысқартып, оңтайлы шешім қабылдады. Әзірге іс-шаралар санын қысқарту есебінен шығындарды 120 миллион теңгеге төмендету ойластырылып отыр. 

"Барлығы Қаржы министрлігіне оңтайландыруға бағытталған: 31 семинар, бір форум, 45 дөңгелек үстел, 13 кеңес. Аталған шаралардың негізгі бөлігі өтеусіз негізде немесе үнемдеу есебінен жүргізіледі", - деді министрлік өкілдері. 

Бюджетті қысқарту жоспарланып отырған іс-шаралар арасында:

Аккредиттеудің 15 схемасын енгізу бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер;
ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың ұйымдастыру іс-шаралары"; 
"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме конкурсы, сәйкестікті бағалау саласында өңірлік (салалық) семинарлар өткізу; Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың қатысуымен форум ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қымбат көлік сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялау туралы ұсыныс жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети