27 шілде 2016 11:26

Ұлттық валюта 352 теңгеге дейін әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 27 шілдедегі таңғы саудасында 352,01 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, 26 шілдеде ұлттық валютаның орташа бағамы 351,02 теңгеге тең болды.


Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 27 шілдедегі таңғы саудасында 352,01 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, 26 шілдеде ұлттық валютаның орташа бағамы 351,02 теңгеге тең болды.

Жалғасы
Теңге әлсірей түсті

27 шілдедегі сауданың минималдық құны 350 теңгеге тең. Максималдық құны - 356,01 теңге. Сауда көлемі 189,65 миллион долларға тең болып, 231 келісім жасалды. Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де ICE биржасының мәліметінше, қыркүйектегі фьючерстердің Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 44,82 доллар болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 352,5-356 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтты. Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. "Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі", - деді Ерлан Ибрагим.

Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети