“Қашып құтылу мүмкін емес”: Тим Кук Apple пайдаланушыларының көңілін түсіретін мәлімдеме жасады

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com/ seemantaduttaskv@gmail.com

Apple компаниясы жад компоненттері құнының өсуіне байланысты өз құрылғыларының бағасын көтеруі мүмкін. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life.


Apple компаниясы жад компоненттері құнының өсуіне байланысты өз құрылғыларының бағасын көтеруі мүмкін. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life.

Apple басшысы не деді?

9ToMac5 мәліметінше, Apple басшысы жиынтықтаушы бөлшектер нарығындағы жағдайға пікір білдіріп, компания үшін баға өсімін тежеу қиындай түскенін мойындады. Куктың айтуынша, Apple сатып алушылар үшін салдарды барынша азайтуға тырысады, алайда қымбатшылықтан толықтай қашып құтылу мүмкін болмай отыр.

Жарнама
Жарнама

"Өкінішке қарай, бағаның өсуінен қашып құтылу мүмкін емес. Біз өзімізге түсетін ауқымды баға өсімін жұмсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз және тұтынушыларымызды бұл қымбатшылықтан қорғауға тырысудамыз, бірақ жағдай тұрақсыз болып кетті", - деп атап өтті ол.

Себебі неде?

Apple басты мәселе ретінде жад пен жинақтауыштар бағасының күрт өсуін атап отыр.

Әсіресе, қазіргі заманғы барлық құрылғыда қолданылатын DRAM - жедел жад нарығындағы жағдай ерекше байқалады. Куктың сөзінше, жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы аясында мұндай компоненттерге деген сұраныс айтарлықтай артқан.

"Тұтынушылар құрылғыларды сатып алғысы келетін уақытта ұсыныс азайып, жад өндірушілері бағаны айтарлықтай көтеріп жатыр. Тұтыну тауарлары үшін жад бағасы мен ұсынысының ақылға қонымды деңгейге оралуы бізге өте қажет. Бұл - ең маңызды мәселе", - деп бөлісті Кук.

Баға қашан өсуі мүмкін?

Тим Кук нақты мерзімдерді атаған жоқ.

Дегенмен, инсайдерлердің айтуынша, алғашқы өзгерістер осы күзде - iPhone 18 желісі мен жиналмалы iPhone-ның шығуымен бірге Apple-дің жаңа смартфондарына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ Mac компьютерлері мен iPad планшеттерінің бағасы ертерек қымбаттауы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Материалда өткен айда Apple жаңа модельдердің тұсаукесерлері арасында Mac mini-дің бастапқы құнын арттырып қойғаны айтылған.

Қазір не белгілі?

Әзірге компания бағаларды қайта қарау туралы ресми түрде жариялаған жоқ және нақты қай құрылғылардың қымбаттайтынын нақтыламады. Өзгерістердің тек болашақ жаңа өнімдерге ме, әлде қолданыстағы модельдерге де қатысты болатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін инсайдер Джон Проссер мерейтойлық iPhone 20-ның болжамды дизайнын көрсеткен болатын. Оның мәліметінше, құрылғының экраны иілген жиекті болып, сыртқы түрінде елеулі өзгерістер болуы мүмкін.

Айта кетсек, инсайдерлер iPhone 18-дің қымбаттауы мүмкін екендігі туралы жыл басында-ақ айта бастаған. Бағаның өсуі Apple компаниясы Оңтүстік Кореяның екі ірі өндірушісі - Samsung Electronics және SK Hynix-тен сатып алатын LPDDR энергия үнемдейтін жадының құны артуымен түсіндірілді.

Кейінірек Apple инсайдері әрі сарапшысы Мин-Чи Куо LPDDR жадының тапшылығы мен қымбаттауы аясында болашақ iPhone 18-дің бағасы өсуі мүмкін деген ақпаратқа жауап берді. Ол жиынтықтаушы бөлшектер бағасының күрт өсуі сатып алушылар үшін бағаның міндетті түрде көтерілуіне әкеп соқпайтынын атап өткен еді.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама