Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақан Рахметуллин. Фото: gov.kz Ақан Рахметуллин. Фото: gov.kz

Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген. 1999 жылы - СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы референт лауазымынан бастаған. Қазақстанның Пәкістандағы, Австриядағы елшіліктерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші комитетінің жұмысын жүргізді.

Сыртқы істер министірлігінің Алматыдағы өкілінің кеңесшісі болған. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етті. Орталық аппаратта көпжақты ынтымақтастық департаментін басқарды.

Ақан Рахметуллин 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған.

І санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer