Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалғаннан кейінгі күні қызметінен кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әсет Шопанов. Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі Әсет Шопанов. Фото: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі

Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейін келесі күні Ақтау әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейін келесі күні Ақтау әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік баспасөз қызметі 3 наурызда тағайындалған Шопановтың 4 наурызда өз еркімен қызметтен кеткенін растады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 2024 жылғы мамырдың аяғында Әсет Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Ол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарған.

Кейін Маңғыстау облысы әкімдігі Әсет Шопановқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ол еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.

2003-2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған.

2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2020-

2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарса, 2022-2024 жылдары басқарма басшысы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer