06 сәуір 2022 19:16

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтоты Райымқұлова "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "композиция" және "фортепиано" мамандықтары бойынша, "композиция" мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар, "менеджмент" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыған. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері және оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы болып қызмет етті. ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет істері комитетінің төрайымы болды. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды.  

Ақтоты Райымқұлова 2019 жылы маусымда мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған еді. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети