12 шілде 2021 11:47

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Шабдар. Фото: facebook.com/anticorruption.kz Нұрлан Шабдар. Фото: facebook.com/anticorruption.kz

Нұрлан Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрлан Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нұрлан Шабдар тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Нұрлан Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, Ұлттық бюро жедел департаменті басшысының орынбасары, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

Ол 2016 жылдың маусымынан 2021 жылдың шілдесіне дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бұл лауазымға оның орнына Мақсат Қожабаев келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети