19 маусым 2024 16:23

Арман Қасенов ұлттық экономика вице-министрі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Арман Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арман Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Арман Бақытжанұлы Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

Арман Қасенов 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) "қаржы" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады. Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған.

Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.

2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.

2023 жылдан қазірге дейін – "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети