Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институты, Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институттарын "мұғалім", "бухгалтер", "заңгер" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасында, кейін ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!