04 желтоқсан 2014 11:45

Грозныйда арнайы операция барысында жеті лаңкестің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы операция орнында. ©instagram.com/kadyrov_95 Арнайы операция орнында. ©instagram.com/kadyrov_95

Грозныйда Баспа үйіндегі арнайы операция барысында жеті террорист жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа сілтеме жасап. Бұған дейін ол ақпарат құралдарында жарияланған "Грозныйға содырлардың үлкен тобы кірді" деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. 

"Қазіргі уақытта Баспа үйінде бес содырдың мәйіті табылды. Алдағы 20 минутта арнайы операция аяқталады", - деп жазды Қадыров Instagram-дағы парақшасында. Ол өзінің арнайы операцияға жетекшілік ететінін де хабарлады. 

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Грозныйда қарулы топ өкілдері отырған машинаны тоқтату кезінде үш полицей қаза тапқан еді. Содырлар Грозныйдың орталығындағы Баспа үйіне жасырынған. Кейін Қадыров құқық қорғау органдары өкілдерімен атысқан террористердің полицейлер формасын кигенін айтты. "Полицейлер формасын киген олар ешқандай жазығы жоқ, қызметін атқарып жатқан жігіттерді өлтірді", - деді ол. Қадыров тағы үш полицейдің жараланғанын да айтты. 

Қазіргі уақытта Грозныйда арнайы операция аяқталуға таяды. Ауданды құқық қорғау органдары қызметкерлері қоршауға алды. Қаланың орталығында контртеррористік операция режимі енгізілді.  

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети