Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Путиннің Украина туралы баспасөз мәслихатының толық нұсқасы

04 Наурыз 2014, 22:41
0
Владимир Путин. ©RT
Владимир Путин. ©RT
RT телеарнасы Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинадағы ахуалға қатысты өткізген баспасөз мәслихатының толық нұсқасын ғаламторға орналастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Путиннің журналистермен кездесуі оның Мәскеу облысы Ново-Огарёво елді мекеніндегі резиденциясында өтті. Баспасөз мәслихаты үш сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде ол журналистердің ондаған сұрағына жауап берді.

Бұған дейін Ресей Президентінің Қырымды қосып алу мәселесіне, АҚШ пен Еуроодақ санкцияларына, батыс саясаткерлерінің мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіргені хабарланған еді. Ол Ресей Қырым министрлер кеңесінің төрағасы Сергей Аксеновтың автономиялық республика аумағында бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге көмек беру туралы өтінішін назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Дегенмен Украина аумағында әскер ең ақырғы жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Владимир Путин Киевке жаңа биліктің келуін "антиконституциялық төңкеріс пен билікті қарулы түрде басып алу" деп бағалады. Ол украин бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған Виктор Януковичтің өлімі туралы қауесетті жоққа шығарды және Януковичті елдің құқықтық жағынан легитимді жалғыз басшысы деп санайтынын айтты.

Сонымен бірге, Путин жиі байқалып отырған қауіпке байланысты Ресейдің Қырымдағы әскери нысандарында күзеттің күшейтілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ешқандай қару қолданусыз-ақ 22 мың украин жауынгері мен ондаған С-300 Қырым билігінің бақылауына өтті.

Ресей басшысы батыстың кейбір елдерінің алдағы Сочи саммитінен бас тарту ниеті туралы да айтты. Президенттің айтуынша, Мәскеу саммитке дайындықты жалғастыра береді, ал "олар келмесе, келмей-ақ қойсын" дейді ол. Егер мәселе ушықса, Путин АҚШ-тан Ресей елшісін қайтарып алмақшы.

Путин Украинадағы ахуалдың қаржы нарығына әсер етуі уақытша құбылыс деп есептейді. Баспасөз мәслихатының толық нұсқасын төмендегі бейнежазбадан көруге болады.






Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай