27 наурыз 2014 11:57

Ресей АҚШ бизнесіне қарымта санкция енгізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Osd.ru ©Osd.ru

Ресей парламентарийі АҚШ бизнесіне қарсы қарымта санкциялар әзірлеп жатыр деп жазады "Известия". Тиісті шаралар қабылдау мәселесі РФ Мемлекеттік думасы мен Федерация кеңесінде талқыланып жатыр.  


Ресей парламентарийі АҚШ бизнесіне қарсы қарымта санкциялар әзірлеп жатыр деп жазады "Известия". Тиісті шаралар қабылдау мәселесі РФ Мемлекеттік думасы мен Федерация кеңесінде талқыланып жатыр.  

"Біз думадағы әріптестерімізбен бірге Америкаға қарымта санкциялар енгізудің келесі толқыны туралы мәселеге жиі оралатын боламыз. Атап айтқанда, соңғы уақытта АҚШ азаматтарының Ресей аумағында заңды тұлғалар ретінде тіркелген бизнес-құрылымдарының өкілдіктерін шектеу мәселесі талқыланып жатыр. Егер өз санкциялары арқылы АҚШ бізбен бизнес-әріптестікті жоғалтып алудан қорықпайтын болса, онда бізге отандық өндірушіні толық көлемде қолдауды әлдеқашан бастау керек", - деп мәлімдеді Мемлекеттік дума депутаты Вадим Деньгин.

Мемлекеттік думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің мүшесі Борис Кашин Деньгиннің пікірін құптайды. Бірақ оның айтуынша, қарымта санкцияларды АҚШ ресейлік кәсіпорындарға қарсы шараларды бірінші боп қолға алған жағдайда ғана енгізген дұрыс. Сонымен бірге, Кашиннің пікірінше, Ресейдің қандай тауарлар мен қызмет түрлерінен бас тарта алатынын және нарық үшін қандай елдер қажет болатынын бағамдап алу қажет.

"Біз әзірше америкалық компьютерлерден бас тарта алмаймыз. Бірақ бұл жағдайда, егер оларды алмастыратын өнімдер болса, мысалы, қытайлық өнім, онда біз оларды санкциялар енгізуге болатын тауарлардың тізіміне қоса аламыз", - дейді Кашин.

Шетелдік компаниялардың өзі Ресей тарапымен ынтымақтастықты жалғастыра беруге үміт артады. Кремль болса, Батыстың санкцияларынан қалыспау ақымақтық деп есептейді, солай дегенмен барлық жағдайдың мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама Украинадағы ахуалды тұрақсыздандыруға қатысы бар ресейлік тұлғаларға қарсы санкциялар енгізуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, Обама ресейлік шенеуніктердің Америкадағы активтерін тоқтату керектігін мәлімдеді. 


Подробнее:https://tengrinews.kz/russia/rossiya-mojet-vvesti-otvetnyie-sanktsii-protiv-biznesa-ssha-252556/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети