Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейде қала алаңына қазақ майдангерінің есімі берілді

07 Сәуір 2014, 18:37
0
Әбілқайыр Баймолдин. ©Wikipedia.org
Әбілқайыр Баймолдин. ©Wikipedia.org

Ресейде қалалық алаңға Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандықтың есімі берілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру жасағының негізін қалаушы Жұмабек Қамзинге сілтеме жасап.

"Бүгін бізге Невель қалалық мекен әкімшілігінің басшысы қаладағы Бірінші мамыр алаңына жерлесіміз Әбілқайыр Баймолдиннің есімін беру туралы қаулы қабылдағанын хабарлады", - дейді Жұмабек Қамзин.

Оның айтуынша, өткен жылдың қазан айында қазақстандық іздестіру жасақтарының белсенділері Невельдегі қалалық алаңға қазақ майдангерінің есімін беруді сұраған. Кейін жергілікті әкімшілікке осындай өтінішпен Павлодар депутаттары да хабарласқан. "Невель ауданының басшысы Александр Вощенков пен қала тұрғындарының біздің өтінішімізді қолдағанына өте қуаныштымыз. Әбілқайыр Баймолдин Невельдің әскери коменданты болды. 1944 жылы ол Ресей қаласын қорғауда ерлікпен қаза тапты. Енді өзі жерленген Невельдегі қалалық алаң оның есімімен аталатын болды", - дейді Қамзин.

Бұған дейін Жеңіс күніне орай Ресейде Әбілқайыр Баймолдиннің қола мүсіні орнатылатыны хабарланған болатын. Сонымен бірге, Баймолдин мен басқа да қазақ жауынгерлері жерленген әскери зират жаңартылды. 

Әбілқайыр Баймолдин генерал Доватордың гвардиялық дивизиясының 51-кавалериялық полкының командирі әрі саяси комиссары болып қызмет етті, Мәскеу түбіндегі ұрыстарға, Кеңес Одағының батыс аймақтарын азат етуге қатысты. Невельді азат еткен соң қаланың әскери коменданты болды. Ол "Қызыл жұлдыз", "Қызыл ту" ордендерімен, "Ерлігі үшін" медалімен, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған. 

1943 жылдың қараша айында Баймолдин Невельдің әскери коменданты болып тұрғанда қаладағы екі көшеге қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова мен тараздық атақты мерген Ыбырайым Сүлейменовтің есімдері берілген. Биыл 1 мамыр мерекесі қарсаңында бұл екі көшеде қазақтың қос батырының мемориалдық тақталары орнатылатын болады.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай