Ұшақ бортына кондитерлік өнімдерді алып кіруге бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Әуе сапарына шыққан кезде көптеген жолаушы тәтті кондитерлік өнімдерді өзімен бірге алып жүруге бола ма деген сұраққа тап болады. Tengritravel.kz түрлі әуекомпанияларының ережелерін зерттеп, маңызды жайттарды анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Әуе сапарына шыққан кезде көптеген жолаушы тәтті кондитерлік өнімдерді өзімен бірге алып жүруге бола ма деген сұраққа тап болады. Tengritravel.kz түрлі әуекомпанияларының ережелерін зерттеп, маңызды жайттарды анықтады.

Жалпы ережелер

Кондитерлік өнімдерді тасымалдауға арнайы шектеулер жоқ. Дегенмен, қол жүгінің салмағы мен өлшеміне қойылатын стандартты талаптар, сондай-ақ сұйықтықтарды тасымалдау ережелері бар. Бұл әсіресе крем, джем немесе глазурь қосылған тәттілерге қатысты.

Әуекомпанияларының басым көпшілігі торт пен басқа да тәттілерді тасымалдауға рұқсат береді, алайда олар дұрыс қапталуы тиіс. Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, жолаушылар стандартты өлшем мен салмақтан аспайтын қаптамада торттарды қол жүгінде алып өте алады. FlyArystan компаниясы да осындай талаптарды алға тартып, тасымалдаудың негізгі шарты ретінде қаптаманың қауіпсіздігін атайды. Qazaq Air өкілдері қол жүгіне арналған торттардың өлшемдері 40×25×20 см-ден аспауы керектігін мәлімдеді.

Кремді және сұйық құрамды тәттілерді тасымалдау

Кремді, джемді немесе глазурьмен қапталған тәттілерге халықаралық қауіпсіздік ережелері қолданылады. 100 мл-ден асатын сұйық немесе жартылай сұйық өнімдер қол жүгі ретінде қабылданбайды. Мұндай өнімдерді багаж ретінде тіркеуге кеңес беріледі.

Scat әуекомпаниясы сұйықтықтарды тасымалдау талаптарын еске сала отырып, белгісіз сұйықтықтар мен 100 мл-ден асатын өнімдерге шектеу қойылғанын айтты. Qazaq Air де осы талаптарды растады.

Тәттілерді багажға салуға бола ма?

Техникалық тұрғыдан мүмкін болғанымен, әуекомпаниялары мұны ұсынбайды. Себебі нәзік кондитерлік өнімдер бүлінуі мүмкін. Air Astana қыс мезгілінде жолаушылардың торттарын көбіне өз орындарында ұстайтынын атап өтті. FlyArystan жүк багажында 32 келіге дейінгі жүктің рұқсат етілетінін, алайда өлшемдері 158 сантиметрден аспауы тиіс екенін еске салды. Егер тәттілер үлкен көлемде тасымалданатын болса, оларды жүк ретінде рәсімдеуге болады.

Әуекомпанияларының арнайы сақтау қызметтері бар ма?

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ешбір әуекомпаниясы торттарды салқындатқышта сақтау қызметін ұсынбайды. FlyArystan, Air Astana және Qazaq Air өз ұшақтарында жолаушыларға арналған арнайы тоңазытқыш жоқ екенін мәлімдеді. Scat компаниясы төмен температураны сақтау үшін қауіпсіз салқындатқыш заттарды қолдануға болатынын айтты.

Кедендік талаптар

Егер сіз шетелге тәттілерді сыйлық ретінде алып шыққыңыз келсе, бару елінің кедендік талаптарын алдын ала тексерген жөн. FlyArystan кедендік рәсімдер әр елде әртүрлі болуы мүмкін екенін ескертіп, жолаушыларға әуежай қызметтерінен қосымша ақпарат алуды ұсынады. Scat компаниясы тәттілерді халықаралық рейстерде тасымалдау кезінде қосымша тексерулер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тәжірибелі саяхатшылардың кеңестері

Көптеген елдерге саяхат жасаған жолаушы Данара тәттілерді тасымалдау кезінде кейбір мәселелерге тап болғанын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті:

  • Торттарды қатты контейнерге салып, қосымша тағамдық пленкамен бекіту керек.
  • Қатты консистенциялы тәттілерді таңдаған жөн, себебі жұмсақ торттар тасымалдау кезінде бұзылуы мүмкін.
  • Кремі бар өнімдерді қол жүгіне алмау ұсынылады, себебі оларды әуежайда тәркілеуі мүмкін.
  • Кедендік ережелерді алдын ала зерттеп, қажетті құжаттарды дайындау керек.

Әрбір әуекомпаниясының ережелері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан сапарға шығар алдында өз тасымалдаушыңыздың ресми сайтынан немесе колл-орталығынан нақты ақпарат алған жөн. Сондай-ақ, халықаралық сапарлар кезінде баратын елдің кедендік талаптарын зерттеу маңызды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная