АҚШ сәулетшілері астероидқа ілініп тұратын тұрғын үй салмақ

30 Наурыз 2017, 22:43
0
АҚШ сәулетшілері астероидқа ілініп тұратын тұрғын үй салмақ - © cloudsao.com
© cloudsao.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан Clouds Architecture Office сәулет бюросы биік ғимараттың адам ойына сыймайтын жобасын ұсынды, - деп хабарлайды "Популярная механика" порталы. 

Жоба бойынша ғимарат 50 мың шақырым биіктікте Жер орбитасымен айналып ұшатын астероидқа ілініп тұрады. 

 

Бұл көпқабатты үйге Analemma Tower атауы берілген. Ғимарат күн сайын сегіз санына ұқсас траекториямен жүріп отырады. Ғимаратқа электр қуаты ғарышта орналасқан панельдерден беріледі, ал су бұлт пен жаңбырдан жиналатын болады. 

 

Ғимараттың бірінші қабатында бизнес орталықтар, орта тұсы - тұрғын үйлер, ал ең жоғарысында діни және жерлеу орындары болмақ. 

 

Ғимарат Дубайдың үстіне салынады, өйткені онда жылжымайтын мүлік Нью-Йоркке қарағанда 15 есеге арзан. Ғимарат аспалар арқылы астероидқа бекітіледі. Бұл жұмыс құрылысы аяқталған модульдар арқылы жүзеге асырылады. 

"Ғимарат ауада қалқып тұрады, оны кез келген жерде құрастырып, сосын керек орнына апарып ілеміз", - дейді жоба авторлары. Олардың айтуынша, бұл мистика емес, өйткені NASA 2021 жылы астероидты басқару жобасын даярлап қойған екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай