22 желтоқсан 2014 18:39

Алматы аспанындағы тылсым оттар жөнінде сарапшы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аспанындағы тылсым оттар. ©Youtube.com видеосының кадры Алматы аспанындағы тылсым оттар. ©Youtube.com видеосының кадры

Фесенков атындағы қазақ Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель Алматы аспанындағы тылсым оттар түсірілген видеоға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте видеожазба 19 желтоқсан күні пайда болған еді. Автордың айтуынша, аспандағы жұмбақ оттарды ол әйелімен бірге Астана уақыты бойынша сағат 19.45-те түсіріп алды.

Видеожазбаны жүктеген қолданушы Steve Duddits видеодағы нысандардың батыстан шығысқа қарай қозғалып бара жатқанын мәлімдеді. "Мен видеоға зерттеу жасап көрдім. Шын мәнінде, әрине, бәрі басқаша болды. Өте әдемі әрі тыныш болды. Біз "топтағы" әр нысанды көрдік десек те болады. Әрбіреуі бір нүктенің айналасында қозғалды және қозғалыс радиусы өзгермеді. Ал сол қозғалыстың өзі қайталана берді. Қайталап айтамын, өте әдемі болды, ертегідей әсер етті және жақсылықтың нышаны болды!", - деп жазды ол. 

Кейбір Интернет қолданушылары аспанда қозғалған нысандардың ұшатын беймәлім нысан болуы мүмкін екенін айтты. Тейфель бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Нақты айта алмаймын. Бірақ бұл бөгдеғаламшарлықтар да, метеорлар да емес. Егер ол метеор бөлшектері болса, онда олар бірдей ұшар еді, бірдей жылдамдықпен қозғалар еді. Бұл бәрінен бұрын оптикалық эффект болуы керек, оның жерде болып жатқан жағдаймен байланысы бар шығар. Оның тез жанып-өшетіні мен нүктесінің қайталанбайтынын ескерсек, бұл - лазерлі жарықшақтар немесе отшашудың бір түрі болуы мүмкін. Ал жалпы, көп жағдайда мұндай құбылыс туралы хабарламалар олардың табиғатын түсінуге ақпарат жеткіліксіз болып қалады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети